{metadescription}
Алматы орталығында кептеліс болып жатыр
Алматы орталығында кептеліс болып жатыр

Алматы орталығында кептеліс болып жатыр

Өйткені, Ұлыстың ұлы күніне орай бірнеше көше жабылды. Сөйтіп, таңнан бері қозғалыс қиындаған. Ал, негізгі даңғылдардағы тежеу дүйсенбіге дейін созылмақ. Дәл қазір жұрт жұмыстан шығып, жолдағы жағдай одан әрі ушыққан.

Алматыда Әз Наурыз биыл темір тұлпарлардың қозғалысын тежеуден басталды.  Мерекені тойлау кезінде тоқтаусыз көліктер кедергі келтірмесін деген қала билігі осындай шешімге келген. Орталық көшелер кеше кешке, сағат 19:00-де жабылды. Әрі дүйсенбі күні бір ашылмақ.

Шектеу Төле би көшесінің бір бөлігіне қойылған. Яғни, Назарбаевтан бастап Абылай хан даңғылдарымен қиылысына дейін жабық тұр. Бұған қоса, Панфилов көшесімен солтүстік бағытқа қарай жүруге тыйым салынды. Нақтырақ айтсақ, Бөгенбай батыр мен Қазыбек би көшелерінің аралығында, және тек 22 наурыз күні Қабанбай батырдан бастап Жібек жолына дейін көлік қозғала алмайды.

Қазір сол жерлерде мерекеге қызу дайындық жүріп жатыр. Алматыда кептеліс баяғыдан шешімі табылмай келе жатқан мәселе. Мұнда халық та, көлік те көп. Шектеу қойылғаны сол екен, көшелердегі жағдай одан әрі қиындап кетті. Бүгін, тіпті, түсте де машиналардың қаз-қатар тізіліп тұрғанын байқадық. Әдетте күндізгі кептеліс 4 балды құраса, бүгін навигаторлар 6 балды көрсетті. Ал, дәл қазір жұрт жұмыстан шығып, көліктердің жүруінен гөрі тұруы ұзақ болып тұр. Әсіресе, кептеліс қозғалысқа тыйым салынған даңғылдардың жан-жағында пайда болған.

Көшедегі жағдайды жіті бақылап отыратын порталдарға сенсек, новигаторлар кешелі бері кешкі мезгілде 9 балды көрсетіп жүр. Ертеңнен бастап ел 5 күн демалатынын ескерсек, қазір жұмыстан қайтқан жұрт бірден қала сыртына немесе шеттегі туыстарына асығып, жолға шығып жатады.

Сондықтан,  рөлге отырмас бұрын, орталық даңғылдардың бір бөлігі жабық екенін ескеріп, бағытыңызды алдын-ала анықтап алған жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.