Ақтөбеліктер көшеде коньки теуіп жүр
Бұл қалада сырғанау үшін арнайы мұз айдынына барудың қажеті жоқ. Табиғаттың тосын мінезінен барлық жер көк мұзға айналған. Соның кесірінен зардап шегіп жатқандар да жетерлік.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.03.2018
- Неге екені белгісіз коммуналдық қызметтегілер қол қусырып отыр. Жолдарға немесе тротуарларға құм сепкен не жұмысшы, не көлік көірнбейді.
Қазірдің өзінде көк мұзға жығылып, үш жүзге жуық адам жарақат алған. Көбінің қол-аяғы сынып, ауруханаға түсті. Облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығында науқастарды қарайтын маман жетіспей жатыр. Сондықтан қабылдау бөлімшесіне бірнеше бригаданы шақыруға тура келді. Тіпті, қосымша ренгент бөлмесін ашқан. Әйтсе де онда да кезегін күтіп ондаған адам отыр.
Рақымжан Арыстан, Ақтөбе облыстық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері:
-Қабылдау бөлімшесі қазір шұғыл режимде жұмыс жасап жатыр. Біз дәрігерлердің санын көбейіттік осыған байланысты. Бұрын 1 травматолог қабылдаса, қазір 3-4 травматолог қабылдап жатыр.
Көк тайғақтың кесірінен жол апаты да көбейді. Көк мұзда тайғанап, жол шетінде аударылып жатқан, бағанаға соққан көлік жетерлік. Олардың арасында жолаушы таситын автобустар да бар. Құтқарушылар тұрғындарға себепсіз үйлерінен шықпауды ескертуде. Ал облыс орталығынан ешбір көлікті сыртқа шығармайды. Көрші аймақтарға қатынайтын жолдардың барлығын жауып тастаған.
Ерік Ерімбетов, Ақтөбе облыстық ТЖД басқарма басшысы:
-Ауа райының нашарлауына байланысты, яғни жаңбыр, қатты көктайғақ болуына байланысты Самара-Шымкент, Ақтөбе-Орск, Ақтөбе-Астархань және де солтүстік айналма, Қарабұтақ, Комсомол, Қостанай жолдары түгелдей көлік түрлеріне қозғалысына жабылды. Үйден тек қажет болған жағдайда ғана шығыңыздар!
Көктайғақты пайдаланып көшеде коньки теуіп жүргендер аз емес. Өзім де куәсі болдым. Ал мына бейнероликтегі жігіттің кім екенін анықтай алмадық. Десе де жұрттың пікірі сан алуан. Таңданғандар да, қалжыңдағандар да бар. Бірнеше күн осылай мұз қатып тұрса, ақтөбеліктерді қысқы олимпиада ойындарына аттандыруға болады –деп әзілдеп жатыр жұрт. Ал синоптиктер алдағы үш күн бойы жаңбыр жауады дейді мамандар. Түн суық болып, әлі бірнеше күн сырғанайтын түріміз бар. Сонымен қатар су деңгейі көтеріліп, тасқын қауіпі бар екенін де жасырмады құтқарушылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!