{metadescription}
Оралда жазасын өтеушілерге наурыз көже пісіруге тыйым салынды
Оралда жазасын өтеушілерге наурыз көже пісіруге тыйым салынды

Оралда жазасын өтеушілерге наурыз көже пісіруге тыйым салынды

Ұлыстың ұлы күнін «наурыз көжесіз» атап өтпек. Оралдағы жалпы тәртіптегі колония басшысы сотталушыларға Әз-Наурызды тойлауға рұқсат бергенімен, мұнда осы мерекеге тән ұлттық ас әзірленбейтін болды. Түрме басшысының айтуынша, бұл тамақты олар тек түрмеден тыс жерде іше алады. Сондықтан жазасын өтеушілерге жақсы қырынан көзге түсіп, тезірек бостандыққа шығуға қам жасауға кеңес берді.

Бұл – шымылдық сыртындағы көрініс. Бірер минутта түрме өнерпаздары сахнаға шығуы тиіс. Олардың қобалжып жатқандары қатты байқалады. Сондықтан бірі ұмытып қалмас үшін әннің сөзін қайталап жатса, енді бірі аспапта ойнап қол жаттықтыруда. Ғазиз Меркенов жырдан шашу шашқалы тұр. Концертті бастап беру соған жүктелген.    Меркенов ұрлық жасағаны үшін үш жыл бұрын сотталған. Мерзімінің үштен бірі өтелген оның жақын арада бостандыққа шығуға мүмкіндігі бар. Ол үшін 56 жастағы азамат осындай іс-шараларға көбірек қатысуы керек. Тек сонда ғана еркіндікті ерте көріп, жақындарымен қауыша алады дейді түрме басшылығы.  

Бағлан Ойықбаев, РУ 170/2 түзеу мекемесінің бөлім бастығы:

-Осындай іс-шараға қатысқандары үшін алғыс хат жарияланады. Сотталған сол үшін үйлеріне ерте қайта алады. Жазаның өтелмеген бөлігін не ғұрлым жаза түріне және де мерзімінен шартты түрде босатуға қабылдау хаттарын жазған кезде мінездеме жағымды жағынан беріледі.  

Колонияда Ұлыстың ұлы күні 19-шы наурыздан бері тойланып жатыр.  Мұнда ән айтылып, түрлі сахналық қойылымдар көрсетілгенімен, наурыз көже тартылмады. 22-сі күні де ас мәзірінде бұл тағам түрі жоқ. Түрме басшылығы дәмі тіл үйретін көжені сотталушылар бостандықта бір-ақ ішеді дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде