{metadescription}
Көкшетауда жыл басы ерекше тойланды
Көкшетауда жыл басы ерекше тойланды

Көкшетауда жыл басы ерекше тойланды

Көкшетауда бүгін түнде жауған қалың қар Наурыздың шырқын бұза алған жоқ. Қайта мейрамның шырайын кіргізгендей! Қатар-қатар тігілген ақ шаңқан киіз үйлердің түндігін ертемен тұрған жұрт қардан тазартып қойды. Олар арнайы сәнделген орталық алаңнан да ақ ұлпаны алып, мерекені бастап кетті.

Биыл ылғал аздау бола ма деген көңілі күпті шаруа үшін бұл Наурыздың Ұлы күнде төге салған шашуындай көрінді. Ал бір күн бұрын Наурыз мейрамына деп орталық алаңды жасандырып қойған ұйымдастырушылар, әрине, таң атпай қолдарына күрек алып, тазартып шықты. Күн  көзі де күлімдей шығып, Наурызды тойлауға шыққандар қарасы қалың болды. Қазан көтеріліп, наурыз көжеден де, ыстық палаудан да дәм татып арқа-жарқа болған көкшеліктердің көңіл-күйі ерекше.

Орал Рақымов, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Көңіл-күй оңды, көтеріңкі! Бүгінгі жауған ақша қар да Алланың аспаннан беріп жатқан нұры деп есептеуге болады. Жалпы Наурыз мерекесі кіндігі түркі елдерінің мерекесі. Бұл ынтымақ пен бірліктің, татулық пен кешірімділіктің достық пен туысқандықтың мерекесі!

Әрине, еліміздегі түрлі ұлттардың дәстүрлері ескерусіз қалмапты.  Абылайхан алаңында «Тарих керуені» деп аталған сахналандырылған көріністе соның барлығы орын тапқан. Бүгінгі «Рухани жаңғырудан» бастап, Алтын адам, Қыдыр Ата, Тайқазан мен құсбегілерді де жиналған жұрт тамашалай алды. Этно-мәдени орталықтардың өкілдері де бүгінгі Наурыздан шет қалған жоқ.100 домбырашы  мерекелік шеруге қатысып, Құрманғазының «Адайын» күмбірлетіп орындап берді. Жиналған дүйім жұртты облыс әкімі Мәлік Мырзалин құттықтап, кішкентай сәбидің тұсауын кесті. Мұнда адамдар ғана емес, ауыздығымен алысқан тұлпар да «Қаражорғаға» билеп кетті.Ұлыстың ұлы күні көкше топырағында осылайша тойланып жатыр. Көпшілікке түрлі мекемелер тегін наурыз көже, қуырдақ, бауырсақ ұсынып, бұл күні көңіл де тоқ, қарын тоқ!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.