{metadescription}
Әйгілі Галышеваға  қомақты сыйақысы берілді
Әйгілі Галышеваға  қомақты сыйақысы берілді

Әйгілі Галышеваға қомақты сыйақысы берілді

Пиоңшаңда жүлделі орындар алған қазақстандық спортшыларға ақшалай сыйақылары табысталды. Жалпы қоры жүз мың доллардан асатын қаржы споршылар мен жаттықтырушыларға үлестірілді.

Ең көп сома Юлия Галышеваға бұйырды. Оңтүстік Кореядағы  Ақ Олимпиадада қоржынымызға жалғыз қоланы салған могулшы қыз 75 мың  доллар алды. Оның жеке бапкері мен бас бапкер де қаржылай марапатталды. Сондай-ақ дүбірлі жарыста ел намысын қорғаған шорт-трекшілер де құр қалған жоқ. Үздік алтылыққа кірген Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев, Денис Некиша мен Еркебұлан Шамуханов 5 мың доллардан қалтаға басты. Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяның Пиоңшаң қаласында өткен 23 Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 57 спортшы барған. Еліміз Галышеваның жалғыз қоласымен жалпы командалық есепте 28 орынға табан тіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.