{metadescription}
Ақтөбеде атқа қонған жігіттер сауын айтты
Ақтөбеде атқа қонған жігіттер сауын айтты

Ақтөбеде атқа қонған жігіттер сауын айтты

Мереке өңірлерде де жалғасып жатыр. Ақтөбелік азаматтар көшеде атқа қонып, сауын айтса, солтүстіктегі ағайын да тойдан қалыс қалмады. Жылда орталық алаңнан әріге аса алмайтын Петропавл әкімдігі биыл кәдімгі тұрғын үйлердің аулаларына киіз үй тігіп, халықтың көңілін көтерді. Ал наурыз көже мен тәтті-дәмді тағамдарға толы дастарханды әзірлеу тұрғындардың өздеріне міндеттеліпті.

Жоғарыдағылардың тапсырмасын бұлжытпай орындау үшін қалалық әкімдіктегілер қазынадан қаржы шығармапты. Есесіне, демеушілердің көмегіне қарқ болған. Осылайша жұрттың асарлатуы арқасында қала ішінде 50-ге жуық мерекелік көңіл көтеру орны бой көтерді. Киіз үйлер балалардың ойын және футбол алаңдарына да тігіліпті. Бұл шарадан жақын маңдағы мектеп, балабақша ұжымдары тыс қалмаған. Бірі көжесін, бірі бауырсағын, енді бірі тәттілерін ала келіпті. Ал, Ақтөбеде атқа қонған жігіттер елді ертеңгі мерекеге шақырып, сауын айтты. Ертеректе үлкен жиын-тойдың, астың болатындығын хабарлау үшін бірнеше ай бұрын ел-жұртты құлақтандырып, сауын айтқызады екен. Осылайша, ақтөбелік жастар көне дәстүрді бір сәтке болса да қайта жаңғыртты. Мейрам күні Ақтөбе көшелерінде тігілген киіз үйлерде тек көрме ұйымдастырылмақ. Ал сегіз жүз метрлік дастарханды көше бойына жаймақшы. Бұл  халықтың бәрі бірдей мерекелік тағамнан дәм татуы үшін әдейі жасалып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде