{metadescription}
Семейде қардың еруінен  көшелер көлкіген көлшікке айналды
Семейде қардың еруінен  көшелер көлкіген көлшікке айналды

Семейде қардың еруінен көшелер көлкіген көлшікке айналды

Қазір жергілікті коммуналдық қызметтің 30 маманы орталық көшелерді қалпына келтіріп үлгерген. Әйтсе де, шеткі жақтарындағы жолдармен жаяу адам түгілі, көліктің өзі жүруден қалған. Енді жиналған су жолға жақын орналасқан үйлердің аулаларына кіріп те жатыр.

Шеткі көшелердегі судың тереңдігі 30 сантиметрге жеткен. Сондықтан тұрғындар қап-қап құм толтырып, бөгет жасап әлек болуда. Алайда, көлкіген су жұрттың бұл әрекетіне де бой беретін емес. Енді олар қалталарынан қаражат шығарып, суды сорғызуға мәжбүр. Ал жергілікті биліктен қайыр болмады дейді тұрғындар. Бірақ синоптиктердің болжамы 2500 текше метр су сордық деген коммуналшылар мен жұрттың бұл еңбегін еш кетірейін деп тұр. Себебі, алдағы күндері жаңбыр жаууы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде