Ақтөбеліктер көктайғақтан кейін естерін енді жинап жатыр
Қалада көк мұзға тайып, майып болған отыз екі адам ауруханаға жатқызылған. Қалған науқастарды жарақатының жеңілдігіне қарай әр емханаға бөліп тастаған. Ал тәртіп сақшылары қала бойынша тайғақ салдарынан 27 жол апаты болғанын айтады.
Автор: Жаңалық Ахаш
21.03.2018
Көліктің терезесіне қатқан көк мұзды күлкіге айналдырғандар көп болды. Тайғақта тәлтіректеп жүргеніне үлкендер жағы шағымданып жатса, жастар керсінше шабыттанып кеткендей. Конькиді қойып, кішкентайлар да ауласында хоккей ойнап мәз болды. Ал травматология бөлімінде жатқан мына науқастардың күлуге мұршалары жоқ. Мұзға тайып, жарақат алған үш жүзге жуық адамның тек отыз екісін ғана осында қалдырған. Олар сүйегі сынып, миы шайқалғандар. Жеті адамға дереу ота жасалыпты.
Марат Жанқұлов, Ақтөбе облыстық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Құлағасын басымен миы шайқалғандар, буын сүйегі сынғандар, қол сүйегі сынған адамдар бар. Бүгін азайды. Бүгінше түскені он адамдай.
Көк тайғақта жол сақшылары да дамыл таппады. Бір тәулікте 27 көлік мұзда сырғанап апатқа ұшыраған. Жол шетінде тұрған бір қызды машина қағып кетіпті. Құдай сақтап, ол аман қалды. Көк мұздың кесірінен балалар ауруханасының әйнек шатыры шытынып кеткен. Енді емдеу мекемесінің кіре берісінде су сорғалап тұр.
-Көктайғақ салдарынан әуреге түскен жұрт бүгін тынышталған. Күн жылынып, жер де жібіп жатыр. Ал облыс орталығына кіріп-шығатын барлық жол ашылды. Дегенмен, төтенше жағдайлар департа ментіндегілер алдын ала ескертуге үнемі құлақ түріп жүру керектігін айтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!