{metadescription}
Көкшетауда өзіне қол салмақ болған 37 жастағы жігіт жұрттың зәресін ұшырды
Көкшетауда өзіне қол салмақ болған 37 жастағы жігіт жұрттың зәресін ұшырды

Көкшетауда өзіне қол салмақ болған 37 жастағы жігіт жұрттың зәресін ұшырды

Ол 5 қабатты үйдің шатырына шығып, секіруге әрекеттенген.

Шатырға шығып алған азаматтың «Мәдина, мен секіріп өлемін!» деп айғайлағанын аулада жүрген адамдар естіпті. Жедел жәрдем мен  полиция келгенше, «әке-көкелеп» жалынған  жұрт оның секірмеуін сұраған. Тәртіп сақшылары шатырға шығып, жігіттің райынан қайтуын, тіпті өмір сүрудің қандай қызық екенін де түсіндіруге тырысқан. Шынымен өмірге құштарлығы оянды ма, әлде «қой-қойлаған» тұрғындардың ақылын тыңдады ма, ол секірген жоқ. Кейіннен белгілі болғанындай, Ринат есімді азамат әйелімен ажырасқан екен. Сосын бірнеше күн қатарынан арақ ішіпті. Наркологтар  оған алкогольдік галлюцинация деген диагноз қойды.  

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Ол жоғарыдан секірмеуге келісті. Жігіт бұл әрекетін еш түсіндіре алған жоқ. Тек өлгісі келіп,  алдында тұрған үйдің шатырына шығып кеткенін айтты. Бұл азамат  жедел жәрдеммен Алексеевкадағы психиатриалық ауруханаға жіберілді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.