Атырау облысында жаңа туған құлын құтқарылды
Құлынды құтқарып қалды! Атырауда «Ақжайық» табиғи резерватының қызметкерлері қызық жағдайға тап болды. Оқиға кеше кешкілік Жайық өзені сағаларының бірінде болған. Аумақты тексеріп жүрген мемлекеттік инспекторлар су ішінде бір нәрсенің жыбырлап жатқанын байқап катермен жақындағанда, оның жаңа жаңа туған құлын екенін көріпті. Жүзбек түгілі әлі жүре де алмайтын жылқы төлінің суға қалай түсіп кеткені белгісіз. Мұздай суда жатып қалған оны инспекторлар көп ұзамай-ақ сол маңда мазасызданып жүрген үйірдегі енесімен аман-есен табыстырды.
Автор: Жанар Низамутдинова
26.03.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
01 ақпан
31 қаңтар
Серіктестер жаңалықтары