Атышулы Сергей Мавроди қайтыс болды
«МММ» қаржылық пирамидасының негізін қалап, талайдың қалтасын қаққан ол Мәскеудегі аурухананың бірінде жүрек ұстамасынан көз жұмған.
Автор: Мақсат Мәлік
26.03.2018
Сергей Мавроди «МММ» қаржылық пирамидасын 1992 жылы құрған. Аумалы-төкпелі заманда зор танымалдылыққа ие болған компания әп-сәтте Ресейдегі ірі қаржылық приамидаға айналып үлгереді. Алғашында жұмысы өрге басқан кұйым - кейін салымшылар қатары күрт артқанда қайыра төлем жасаудан бас тартады. Тіпті, сол кезде МММ-нен зардап шеккендердің қатары 15 миллион адамға жеткен. 2007 жылы ол алаяқтық бабы бойынша сотталып, 4 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, бұл жазаны тергеу барысында өтеп тастағасын, 2011 жылы тағы да МММ-2011 қаржылық пирамидасын құрған. Алайда, кезекті қаржылық қитұрқылығы жүзеге аспай, сол жылы-ақ құрдымға кеткен болатын. Ғасыр алаяғы бүгін таңға жуық Мәскеудегі ауруханада жүрек талмасынан қайтыс болған. Кейбір дерек көздері Мавродидің жансыз денесі аялдамадан табылған деген ақпарат таратуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!