{metadescription}
Оралда инсулин таппай сенделген науқастар шу шығарды
Оралда инсулин таппай сенделген науқастар шу шығарды

Оралда инсулин таппай сенделген науқастар шу шығарды

Оралда 70-тен аса қан диабетіне шалдыққан бала 4 айдан бері инсулинге қол еткізе алмай жүр. Бүгін ашуға мінген ата-аналар облыстық денсаулық сақтау басқармасында қажетті дәріні талап етіп шу шығарды. Өйткені осы уақытқа дейін жалынып жалбарынған ата ана атаулыны денсаулық сақтау саласындағы шенділер жүрдім бардым тыңдап келген көрінеді.

Шыдамның да шегі бар дейді мына қарақұрым халық. Себебі қан диабетіне шалдыққан балаға керекті дәрі дәрмек, тест жолақшалары мен инфузиондық құрылғы былтырдан бері көзден ғайып болған. Бұлардың барлығын алуға мемлекет есебінен қаржы бөлінгенімен, қазір оны ауру баласы барлар өздері сатып алып жатыр.

Жанар Тәстенова, Орал қаласының тұрғыны:

- 1 тест 3500 теңге тұрады. Ол бізге бір жұмаға да жетпейді. Көбіміз Алматыдан алдырамыз. Ақшасы жоқтар күніне 1 рет қана өлшеп жатыр. Бұл дегеніңіз сұмдық қой.

Мына егіз қыздар Алина мен Лия қарағанда жайдары көрінгендерімен, Лия 2 жастан бері ауыр кеселмен арпалысып келеді.. Ол мына құрылғымен инсулин алудың арқасында ғана тірі жүр. Оның құрамын үнемі қадағалап тұру үшін, тест жолақтары қажет. Ал ол құрылғынын ата ана 4 айдан бері әрең тауып жүр. 

Гүлназ Таленова, Орал қаласының тұрғыны:

-Әр үш күн сайын Лиянының қарнына қыстырылыған мына құрылғыны ауыстырып тұруымыз қажет. Бірақ мына құрылғының тұрғанынын 5 күн болды. Өйткені жоқ. Ағзасына кері әсер етіп, тәні шіри бастауы да мүмкін.  

Мәселені ушықтырмау үшін  осы науқас балалардың ата аналары азара бірігіп, артылған дәрілерін бөлісетін болған. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы былтыр жеткілікті көлемде дәрі-дәрмекті алғанбыз дейді. Бірақ, минстрліктің арнайы бұйырымен алынған дәрілер кейін қайтарылыпты. Мұның себебін жергілікті дәрігерлер білмей дал.

Гүлнар Әбдірахманова, БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- «СК-Фармация»  үнемі облысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеміз деуден шаршамай келеді. Жаңа ғана тағы сөйлестім. Осы аптаның соңына дейін керекті құрылғылар мен дәрі-дәрмек жеткізіледі дегенді тағы айтып отыр

Қазір облыста қан диабетіне шалдыққан балалардың саны 75. Олардың барлығы денсаулық сақтау саласындағышенділер мәселені бір жақты етер деген үмітте жүр. Әйтпесе бала өмірі үшін алаңдаған ата ана түн ұйқы мен күндіз күлкіден қалдық деп налиды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.