{metadescription}
Ақтөбеде сотталушы ернін тігіп тастады
Ақтөбеде сотталушы ернін тігіп тастады

Ақтөбеде сотталушы ернін тігіп тастады

Ақтөбеде сотталушы ернін тігіп, аштық жариялаған. 33 жастағы Нұрслан Жоланов өзіне тағылған айыппен келіспей отыр. Онымен бірге әкесі мен екі сыбайласын да қамауға алған. Бұл төртеу қазір адам ұрлап, қамауда ұстағаны үшін және адам өлтіргені үшін сотта жауап беріп жатыр. Олардың туыстары жақындарының мұндай жауыздыққа барғанына сенбейді.

Әсіресі сотталушының анасы оқиғаға куә болғанын алға тартып отыр. Ол осыны айтып, облыстық прокуратура ғимараты алдында наразылығын білдіріді. Оның сөзінше, осыдан сегіз ай бұрын үйіне қаруланған бес жігіт шабуыл жасапты. Ұлы мен күйеуі оларға қарсылық көрсетіп, көмекке екі танысын шақырып алады. Төртеулеп жүріп қарақшылардың біреуін ұстайды. Оны таңға дейін жертөледе қамап ұстаған. Кейін сотталушы Нұрслан Жуланов үйіне шабуыл жасағандарды өз бетінше іздеуге кіріседі. Біреуін ұстап алып, буындырып өлтірген. Ең қызығы Жолановтар қарақшылар туралы тәртіп сақшыларына еш хабар бермеген. Қанша жерден туыстары оны ақтағанымен, адам өлтіргенін ашық айтып отыр.

Алмагүл Жоланова, сотталушының анасы:

- Өзіңмен қосып отбасыңды да қырып саламын деп қорқытқан. Ақша төлеген шығар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде