Ресейдегі жантүршігерлік оқиғадан соң еліміздегі сауда орталықтары қауіпсіздікті күшейтіп жатыр
Ал осы Ресейдегі жантүршігерлік оқиға еліміздегі сауда орталықтарын тексеруге себеп бола алмайды. Өйткені Қазақстанда шағын және орта бизнесті тексеруге заңмен тыйым салынған. Сондықтан адамдар сауда үшін ғана емес, кино көріп, тамақ ішу үшін баратын ғимараттарда өртке қарсы талаптардың қаншалықты сақталғаны белгісіз.
Автор: Досжан Маратұлы
26.03.2018
Шара қолданады деп айтуға келмейді. Өйткені, барлығына мараторий қол байлау болып отыр. Яғни, шағын және орта кәсіпті тексеруге шектеу қойылғаны белгілі. Бұл сауда орталықтарында өртке қарсы ережелердің қаншалықты сақталып жатқанын да тексеруге болмайды деген сөз. Тіпті, 50-ден астам адамның өмірін жалмаған алапат өрт те бұл заңды өзгерте алмайды. "101" қызметі тек бекітілген арнайы жоспар бойынша ғана жұмыс істейді екен.
РУСЛАН ИМАНҚҰЛОВ, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
-Республикамыз бойынша барлық кәсіпкерлік нысандарға арнайы жоспар график бар. Ол жоспар Бас прокуратурамен келісілген. Сол жоспар бойынша ғана тексеріледі осы нысандардың барлығы. Яғни, осындай төтенше жағдайлардың алдын алу үшін әр жыл сайын ірі нысандарды бір рет тексереміз.
Оның үстіне төтенше жағдай қызметі ғимарттарды өрт қауіпсіздігіне тексеретін болса, бір ай бұрын ескертуі тиіс екен. Сондықтан, алдын ала хабар алған нысан қожайыны кем-кетіктерін жамап қояды екен. Сондықтан сауда орталықтарында қазіргі таңда өрт қауіпсіздігі ережесінің қаншалықты сақталғаны белгісіз. Десе де, алапат өрттен кейін қаймығып қалған кейбір сауда нысандары тілсіз жауға қарсы қауіпсіздікті күшейтіп жатыр. Мәселен, бұл Павлодардағы ең ірі орталық. Мұнда жұрт көбінде киноға келеді екен.
-Біз өртке қарсы ережені қатаң сақтаймыз. Отты сөндіретін құрылғыларымыз да бар. Оқыс жағдай бола қалса, сатыларымыз үнемі дайын тұрады. Тоғыз есігіміз бар. Әрі үнемі өртке қарсы оқу-жаттығуларды өткізіп тұрамыз.
Жалпы, шағын және орта бизнесті тексеруге тыйым салатын мараторий кәсіпкерлерді қолдау үшін төрт жыл бұрын жарияланған. Осы заң бизнесті дамытқанымен, кесірін де тигізіп жатыр дейді депутаттар.
АЗАТ ПЕРУАШЕВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
-Мемлекет өз тарапынан кәсіпкерлерге қауіпсіздік жағынан ерекше талап қою керек. Қандай тауар болса да бұл деген тамақ па, киім болсын, көлік болсын. Олардың барлығы қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы керек. Расымен, Кемероводағы болған оқиға үлкен қауіп.
Депутаттың қауіптенетін жөні бар. Өйткені, соңғы үш айдың өзінде елімізде де бірнеше ірі сауда орыны отқа оранды. Мәселен, мына видеода Талдықорғандағы орталықтың бірі тапа-тал түсте өртеніп жатыр. Ал, араға небары екі апта салып, Шымкентте де ондаған сауда нысаны күлге айналды. Ал, былтыр Алматыдағы «Алматы тауэрс» ғимараты да өртенгенде шығатын есік таппай 6 адам тіредей жанып кеткен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!