{metadescription}
ШҚО-да ашынған жұрт мұзды уақытылы жармаған шенеуніктердің қамсыздығын бетіне басты
ШҚО-да ашынған жұрт мұзды уақытылы жармаған шенеуніктердің қамсыздығын бетіне басты

ШҚО-да ашынған жұрт мұзды уақытылы жармаған шенеуніктердің қамсыздығын бетіне басты

Шығыс Қазақстан облысы тағы да тасқынның астында қалды. Бұл аймақта Шемонаиха қаласын кәдімгідей су алған. Оба өзені арнасынан асып, 53 үйді су шайып кетіпті. Тіпті, олардың он шақтысы жарамсыз күйге түскен екен.

Қас-қағым сəтте əлек салған тасқыннан, абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Қоңырау түскен бойда дереу қимылдаған жергілікті билік 120 адамды қауіпсіз жерге көшірген.  Бүгінде мұнда тасқынның зардаптарын жою үшін  Шымкенттен арнайы құтқарушылар келген. Олар су шайған баспаналарды тазартып жатыр. Бірақ тұрғындар көлкіген суда қалған дүние-мүліктерін əлі де шығара алмай жүр.

Вера Шестакова, Шемонаиха қаласының тұрғыны:

-Есікті ашып едім, бірден су кірді. Ұлым екеуміз сыртқы киімімізді киіп  үлгердік. Енді осы киіммен қалдық. Үйіме коммисия да кіре алмай жүр.

Иə, тасқынның астында қалған 50-ден аса баспананың, бүгінде 10-ға жуығы жарамсыз деп танылып отыр. Себебі, кейбіреулерінің қабырғалары құлап қалған. Ал далада қалған жұртқа арнайы сапармен келген облыс əкімі Даниал Ахметов қаражат бөліп баспана сатып əперуге уəде беріп кеткен көрінеді.

Бірақ, жұрт Оба өзенінің мұзын дер кезінде жармаған жергілікті биліктің жауапсыздығына ашуланып отыр. Айтуларынша, бір метрлік тереңдіктегі мұзға тірелген су, өзен жағасындағы шамамен 6 метр биіктіктегі жардан асып кеткен сыңайлы. Алайда, өздеріне шаң жуытқысы келмеген атқамінерлер бұны тасқынның ерте басталғанымен байланыстырып отыр. Сонымен қатар, күнінің аяқ асты жылынып, жаңбырдың көп болуы да судың деңгейін арттырғанын алға тартып əлек.

Мұрат Желдібаев, Шемонаиха қаласының əкімі: 

-Қазір 10 су сорғыш қондырғы орнатылған. Тазарту жұмыстары жүргізілуде. Біз инерттік материалдармен қамтамасыз етіп жатырмыз.

Қазіргі уақытта, топан су шайған баспаналардың аулаларынан 3 мың текше метрден аса су тазартылған. Сондай- ақ, шыққан шығын мөлшерін арнайы құрылған коммисия анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.