{metadescription}
Елімізде антииммунды аурулардың алдын алу өзекті мәселеге айналған
Елімізде антииммунды аурулардың алдын алу өзекті мәселеге айналған

Елімізде антииммунды аурулардың алдын алу өзекті мәселеге айналған

Тіпті, оның статистикасы да жүргізілмейді.  Басты себебі науқастардың өздері кеш қаралады дейді дәрігерлер.

Айзада Ыбырайымова, емделуші:

-Үш жарым жылдың ішінде кішкене аяқтан, қолдан басталып жүрді. Кейін кейін 2 аптаның ішінде аяқ-қолдарым, саусақтарым қисая бастады ісіп. Енді қазір аптасына екі аптада бір рет келіп анализ тапсырып тұрам. Көмектері жақсы, маған ұнайды.  

Бұл кеселдің ерекшелігі адамның иммундық жүйесі өз ағзасына қарсы шабуылдайды. Яғни, адамның терісін шірітіп немесе ішкі ағзаларын бүлдіруі мүмкін. Қазақстанда мұндай сырқаттардың қанша екенін ешкім білмейді. Өйткені, есебі жүргізілмейді. Ал жалпы әлем жұртының шамамен 8 пайыздан астамы осы сырқатқа ұшыраған. Біздің елде аутоиммундық аурулармен көбіне жастар ауырады екен. Ем-дом шаралары күрделі болғандықтан одан түзеліп шығу да ақшалай қымбатқа түседі.

Салтанат Бекенова, ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының ревматологы:

-Емделуші кеш қаралған сайын оны емдеу жолы да күрделі болады. Бізге көбіне эндопротез жасайтын шақта келіп түседі. Бұл емнің өте қымбат түрі. Ал ол мемлекетке айтарлықтай салмақ түсіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.