{metadescription}
Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген құрылыс басқармасының бөлім басшысы сотталды
Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген құрылыс басқармасының бөлім басшысы сотталды

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген құрылыс басқармасының бөлім басшысы сотталды

Үш жыл бұрын дәл осындай қылығы үшін көлік басқару құқығынан айырылған Арман Дәулетшин бұл жолы да жеңіл жазамен құтылды.

Мас күйінде әрі жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген шенеунікті жол сақшылары түн ішінде құрықтапты. Сараптамадан соң ішіп алғаны анықталып, сосын қылмыстық іс қозғалған. 36 жастағы Дәулетшиннің мемлекеттік қызметте 12 жыл, ал облыстық құрылыс басқармасы бөлімінде 2 жылдан бері жұмыс істеп жүргенін айта кетейік. Кәмелет жасына толмаған үш баласының барын алға тартқан оны сот тағы үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Сондай-ақ, 60 мың теңге айыппұл төлеп, тәртіптік кеңесте мәселесі қаралуы тиіс. Әлгіндей қылығы үшін енді ол жұмысынан да қуылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде