{metadescription}
Құтқарушылар ақшамды ұрлады деп айыптаған астаналық  тұрғын  кешірім сұрады
Құтқарушылар ақшамды ұрлады деп айыптаған астаналық  тұрғын  кешірім сұрады

Құтқарушылар ақшамды ұрлады деп айыптаған астаналық тұрғын кешірім сұрады

Асхат Солтановтың  пәтерінен 15 миллион теңгені қолды қылған өрт сөндірушілер емес, үй тазалаушы болып шықты.  Бүгін баспана қожайыны құтқарушыларға негізсіз қара күйе жаққанын  мойындап, бөлімшеге келді. 

Асхат Солтанов, Астана қаласының тұрғыны:

-Жігіттер, барлығыныңыздан жеке-жеке кешірім сұраймын. Әрқайсыңызға мың алғыс. Сіздер өз жұмыстарыңызды адал атқардыңыздар. Мен жаңылдым. Жаңадан сатып алған үйім жанып кетті дегенді естігенде,  ашумен сіздерді айыптап, оны жұртқа жарияладым. Бұл қылығым үшін өкінемін, кешіріңіздер.

Солтанов әлеуметтік желідегі парақшасына  өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерімнен  15 миллион теңгені ұрлады деп елді дүрліктірген болатын.  Осыдан  кейін полицейлер тілсіз жауды ауыздықтаған  әр құтқарушының  баспанасын, көлігін тінтіп, астаң-кестеңін шығарған. Сөйтсе, Солтановтың жиған ақшасын қолды қылған құтқарушылар емес, үй тазалаушы екен. Жалдамалы жұмысшыда пәтер кілтінің көшірмесі болған. Қожайындар жоқта ол жатын бөлмеде шкафта тұрған 15 миллион теңгені ұрлап, ізін жасыру үшін пәтерді өртеп кеткен. Қолды қылған ақшаның бір бөлігі иесіне қайтарылса, қалғанын  қаскөйлер ойын автоматына салып жіберіпті. Қазір үй тазалаушы мен оның сұғанақ досы қамауға алынды.  Ал ел алдында абыройымыз түсті деген өрт сөндірушілер  кәсіпкердің негізсіз жаласына  әлі ашуы тарқай қоймапты.

Руслан Екішев, Астана қаласы Өрт сөндіру қызметі  бастығының орынбасары:

-Біздің жұртқа көмектесуден, өрт сөндіруден бетіміз қайтып қалды. Жігіттер жанып жатқан пәтерге  куәгерсіз кіруге қорқады. Бұдан кейін үй  иесін, полицейлерді  шақыруға тура келеді. Өйткені, бізді ертең тағы біреу «ұрысың»  деп айыптауы әбден мүмкін. Бүкіл құтқарушының атына кір келтірдіңіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде