{metadescription}
Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстырылды
Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстырылды

Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстырылды

Адвокатының айтуынша, тергеушілер оны түрмеге қамайтындай дәйек келтіре алмаған.

Бұрынғы вице-министр Астана қалалық сотының шешімімен қазір үйіне шығарылды. Қорғаушысының сөзіне сенсек, тінту кезінде миллиард теңге табылды деген мәлімет қате. Сондықтан, экс-шенеунік ешқандай айыппен келіспей отыр екен. Айта кетсек, миллиард теңгеден астам бюджет ақшасын жымқырды деп күдікке ілінген Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков сыбайластарымен бірге бесінші наурызда 2 айға қамауға алынған болатын. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметіне қарағанда, 50 жастағы вице-министр «Аймақ» деген жеке фирманың басшысы Дәурен Дуанбековпен бірігіп бюджет ақшасын жымқырған. Қолды болған қаржы танымал Щучинск-Бурабай курортындағы көлді тазарту үшін былтыр бөлінген екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде