Ескерту: Сағынтаев Ішкі Істер вице-министріне шүйлікті
Топан суға төтеп беруге техника жоқ деп бүгін сол Шығыс Қазақстан облысының әкімі премьерге шағымданды. Даниал Ахметовтың айтуынша, облыста қайықтан бастап, қарапайым су өткізбейтін киімдерге дейін жеткіліксіз.
Автор: Досжан Маратұлы
27.03.2018
ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
-Мынау Бәке, Төтенше жағдайлар департаментінің бірде-бір құрал заттары жоқ қараңызшы. Мынау мотопомпа дейді. Мысалы норма бойынша 249 болса, біздің облыста 55 қана. Қайық туралы айтсақ, 69 болуы керек 14 қана бар. Ал, жігіттер судың басында жүр ғой, оларға гидро комбинизон мың дана болуы керек. Бізде 86 ғана.
Сондықтан, шығысқа көмекке өзге аймақтардан техника мен адамдар жөнелтіліп жатыр. Мұны естіген Сағынтаев Ішкі Істер вице-министрінен бұған қалайша жол беріп қойғандарын сұраған болатын. Бірақ, қолындағы баяндамасын ғана зуылдатып оқып шыққан Жанат Сүлейменов тосыннан қойылған сұраққа жауап бере алмай қиналды. Сондықтан тасқынға қанша техника керегін білмеген вице-министрге премьер дүрсе қоя берді.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:
- Қандай іс-шара жасалып жатыр министрліктің тарапынан?
-Рұқсат болса, ол туралы баяндамамда жоқ, цифра.
-Баяндамаңызға жазып берген жоқ қой. Сонда сіздер қалай басқарасыздар? Баяндаманы жазып бергенді оқып бересіз, жазбаса не болып жатқанды білмейсіздер. Соңында келіп осындай жағдайға душар боламыз. Техника жоқ. Комбинозон жоқ. Мотопомпа жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!