{metadescription}
Күдік: Шығыста үйін су басқан тұрғындар ұрылардан қауіптеніп отыр
Күдік: Шығыста үйін су басқан тұрғындар ұрылардан қауіптеніп отыр

Күдік: Шығыста үйін су басқан тұрғындар ұрылардан қауіптеніп отыр

Ал осы Шемонаиха ауданының орталығында қазір тасқынның зардаптарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда қауіпсіз жерге көшірілген 120 адам үйлеріне қайтып оралған. Қазіргі уақытта, олар көлкіген суда қалған заттарын кептіріп əлек. Əйтсе де, тосыннан келген тасқын жұрттың дүние-мүлкінің басым бөлігін жарамсыз қылып тастаған. Ал арнайы коммисия шыққан шығын мөлшерін баспаналарды аралап есептеп бітетін емес.

Шемонаиха қаласының жұрты топан су салдарынан қолдағы бар мүлкінен қас-қағым сəтте айырылып қалды. Айтуларынша, оны кейбіреуі несиеге алған көрінеді. Яғни сол берешектерін төлеп үлгермеген.  

Инна Таратута, Шемонаиха қаласының тұрғыны:  

-Комиссиядағылар жарытып ештеңе айтпады. Менің тоңазытқышым, кір жуғыш машинам түгелі жарамсыз күйге түсті. Тек жазып қана алды. Ал үйді көруге жер кепкенде келеміз деді.

Бүгінде тасқын шайған 53 баспанадан көшірілген 120 адам үйлеріне оралған. Олар көлкіген суда қалған заттарын кептіре алмай əлек. Қазір су деңгейі түскен. Бірақ  аулаларда қалған топан суды тазарту жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Ал қолдарында қойын дəптері бар комиссия мүшелері əр баспанаға бас сұғып, жарамсыз заттарды тəптіштеп жазумен ғана шектелуде. Олар шыққан шығын мөлшерін есептеп үлгере алмай жатыр. Себебі, құны олар қоятын бағадан асып түсер бұйымдар да баршылық. Себебі, несиеге алынып, құны толық төленіп бітпеген. Оның үстіне жарамсыз зат саны да орасан.

Екатерина Тимошенко, бағалаушының көмекшісі:

-Бүгін 10 үйді араладық. Үйге су кіргендіктен жұрттың басым бөлігі дүние-мүлкінен айырылған. Жиһаздары бүлініпті. Бəрін суретке түсіріп, жазып алдық.

Əйтсе де, коммисия мүшелері, қабырғалары құлап қалған оншақты үйге қатысты тіс жармады. Себебі, олар мұндай баспаналарды суретке ғана түсіріп жүр. Оған қатысты соңғы сөзді жергілікті билік айтуы тиіс дейді. Ал шыққан шығын мөлшерін бір тиынын қалдырмай жұртқа өтеп беретінін жеткізді. Өңірдегі төтеншеліктер де жағдайдың тұрақталғанын алға тартып отыр.

Александр Ломыгин, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:

-Біз өткен тəуілікте жергілікті билікпен бірлесіп Оба өзенінің төменгі ағысындағы қатқан мұзды жару жұмыстарын жүргіздік. Сондай-ақ, аулалардағы су тазарту ісі де аяқталуға жақын. Қазір мұндай сегіз үй ғана қалды.

Қазір жұрт баспаналарына оралғанымен, топан су шайған аймақты ұрлық- қарлықты болдырмау үшін полиция қызметкерлері күзетіп жүр. Олар жұрттың далаға жайған заттары кепкенше жұмыстарын жалғастыра бермек.

-Дəл мына бір метр тереңдіктегі мұзды жағаға теңселтіп тастаған Обамен қатар Шемонайхада тағы да екі кіші өзен бар екен. Енді, көлкіген суда қалған жұрт жергілікті билікке сабақ болса керек, олар үш бірдей өзенді кірпік қақпай күзетуге көшкен. Себебі, алдағы күндері күн жылынып, жаңбыр жаууы мүмкін. Сондықтан тасқын аяқ астынан қайталануы ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде