{metadescription}
​Кемероводағы қайғыға байланысты бүгін Ресейде аза тұту күні жарияланды
​Кемероводағы қайғыға байланысты бүгін Ресейде аза тұту күні жарияланды

​Кемероводағы қайғыға байланысты бүгін Ресейде аза тұту күні жарияланды

Ал, ойын-сауық орталығында тірідей жанып кеткендердің алды жерлене бастаған.

Жексенбідегі апаттан 64 адам қаза тапса, соның 41-і бала. Зардап шеккен тағы 14 адам ауруханада жатыр. Құтқарушылар алапат өрттен соң, із-түссіз жоғалғандар жоқ екенін мәлімдеді. Осы жағдайға қатысты 5 күдікті қамауға алынған. Алғашқы тергеу мәліметтеріне қарағанда, «Зимняя вишнядағы» өрт дабыл жүйесі өшірулі болыпты. Күлге айналған нысанда төтеншеліктер де тексеріс жүргізіп, бұл жұмыстары бүгін аяқталған. Енді санаулы күннің ішінде олар ғимаратта қауіпсіздіктің қаншалықты сақталғанын нақты айтуы тиіс. Ал, қазір Ресей халқы марқұмдарды еске алып, қайғыдан қан жұтқан отбасылардың мұңын бөлісу үшін көшелерге шығуда. Бұл жағдай қазақстандықтарды да шошытып тастады. Қайғыға ортақтасқандар жаппай консулдықтардың алдына барып, гүл шоқтары мен ойыншықтар қоюда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде