Қызылордада болған атыс кезінде жараланған 18 жастағы студент көз жұмды
Ал тапа-тал түсте көшеде оған оқ атқан азамат қазір тергеліп жатыр. Кеше қаланың қақ ортасында болған қанды оқиғаны тұрғындар видеоға түсіріп алған еді.
Автор: Әйгерім Шакаманова
28.03.2018
Бірнеше дене жарақатын алған Азамат Базылға дәрігерлер шұғыл ота жасағанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Іш қуысына оқ тиіп, ағзалары зақымданған жігіт кеше кешкі уақытта көз жұмды. Полицейлердің айтуынша, атысқа 7-8 адам қатысқан. Қазір қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалып, құрықталған күдіктілердің бәрінен жауап алынуда. Ал 18 жастағы марқұмның өзі Қызылордадағы медицина колледжінің 3 курс студенті екен. Естеріңізге салсақ, қанды оқиға қаладағы Әйтеке би көшесінің бойында болған еді. Бейнежазбада көрінгендей, қашып келе жатқан жігіт сөмкесінен қаруға ұқсас зат шығарып, өзін қуған топтың артынан жүгірген. Іле-шала гүрс еткен мылтықтың дауысынан сол аумақты болған жұрт шошып, жан-жаққа қаша жөнелді. Аз уақыттан соң мұнда жеткен полицейлер жерде жатқан адамның дененсін көтеріп алып кеткен. Ал марқұм студенттің кеше таңертең сабағына кеткенін айтқан туыстары оны бұзақылардың не үшін атып өлтіргенін түсінбей дал.
Айбек Базыл, марқұмның ағасы:
- Тып-тыныш бала еді өзі жүрген. Оң жақ бүйрегінен тиген оқ бытырадан. Қолымнан қысып «аға, бәрі жақсы» болады деді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!