{metadescription}
Депутаттармен салғыласқан Бекетаев алған бетінен қайтпай қойды
Депутаттармен салғыласқан Бекетаев алған бетінен қайтпай қойды

Депутаттармен салғыласқан Бекетаев алған бетінен қайтпай қойды

Тақтан түскісі келмейтіндерге тықыр таянды. Мәжіліс төрағасы аймақтардағы адвокаттар коллегиясында алды 30 жылдан тапжылмай  отырған төрағаларды сынға алды. Әділет министрі адвокаттық қызмет туралы заңға өзгеріс енгізіп, бүгін Мәжіліске алып келді. Жаңа құжатқа сай, енді заңгерлер  ұйымына  бір адам 4 жылдан артық  жетекшілік ете алмайды. Ал адвокат болудың шарттары  керісінше, жеңілдейді.

Заңгерлердің шетінен адвокат болуына кедергі келтіріп  отырған  бір мәселе бар. Қазіргі тәртіп бойынша,  заңгер алдымен Адвокаттар коллегиясына 800 мың теңге төлеп, ұйымға кіреді. Содан кейін ғана лицензия алып, сотқа араласады.  Ал жас мамандардың көбінің қалтасында мұндай қаржы жоқ.  Енді Үкімет бастапқы жарнаны мүлдем алып тастамақ. Әділет министрінің бұл ұсынысын депутаттар бірден қолдай қоймады.  Егер жеңілдік жасалса, кім көрінген адвокат болып  кетпей ме деп күмәнданғандар  да  табылды.

Иван Клименко, Мәжіліс депутаты:

-Егер бастапқы жарнаны мүлдем алып тастасақ, кәсіби біліктілігі төмен, ақ пен ақарны ажырата алмайтын  адвокаттар қаптап кетпей ме? Мүмкін оның сомасын азайтып, бірақ, қалдырармыз. Себебі, қорғаушылардың  арасында да жұмысына салғырт қарайтындар жетіп жатыр.

Бірақ Бекетаев алған бетінен қайтпады. Бастапқы жарнаны алып тастауға мәжбүрміз дейді министр. Елімізде қорғаушылар тапшы, небары 4700 адвокат жұмыс  істеп жүр. Егер бастапқы жарна жойылса, адвокаттар саны екі есеге артады екен.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

-Алғашқы жарналардың  алынып тасталуы   адвокаттық мамандыққа жас заңгерлердің  кіруіне, адвокаттардың арасындағы бәсекелестікті күшейтуге және олардың санының артуына мүмкіндік береді. Екінші, Қазақстанда адвокаттармен көмегімен көрсетілетін кәсіби қызметтердің сапасын тиімді бақылау жоқ. Әр адвокаттың қашан және не үшін жауапқа тартылғаны туралы ашық ақпарат жоқ.

Бекетаев адвокаттардың жұмысын қадағалайтын  тәртіптік кеңес құруды да ұсынды. Оның құрамына  адвокаттар, судьялар мен Әділет министрілгінің қызметкерлері кіреді. Депутаттар бұл комиссияға шенеуніктердің араласуын қарсы шықты.

Анар Жайылғанова, Мәжіліс депутаты:

-Адвокаттардың өздерінің тәртіптік  комиссияда болғаны, әрине, құптарлық мәселе. 20 жылдық тәжірибесі бар судьялардың онда болуы да біз оны қолдаймыз, бұл мәселе. Ал уәкілетті органның үш өкілінің сол тәртіптік комиссияда болуы қаншалықты маңызды?

Сондықтан  шененуіктердің орнына бұл іске қоғамдық ұйымдардың мүшелерін қосу қажет дейді мәжілісмендер. Тағы бір айта кететін жағдай, енді адвокаттар коллегиясын басқару  мерзіміне шектеу  қойылады.  Яғни, ондаған жыл  бір жерде  табжылмай отырғандардың орнынан қимылдауына тура келеді деген сөз.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:

-Біз заңгерлік қызметтің сапасы төмен деп жиі айтамыз. Ол қайдан жоғары болсын? Аймақтардағы авдокаттар коллегиясының тізгінін  белгілі адамдар  иеленіп алған. Мәселен, Маңғыстау облыстық президиумның төрағасы 25 жылдан бері отыр. Алматы облысында 27, Атырау облысында 31, Ақтөбеде 33 жылдан бері басшы ауыспаған.  Бұл бәсекелестіктің мүлдем жоқтығын көрсетеді.

Жаңа құжатқа сай, адвокаттар коллегиясын  бір адам 4 жылдан артық басқара алмайды. Жаңа заң жобасында әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға заңгерлік қызмет  тегін көрсетіледі деп жазылған.  Оны  «Pro bono»  деп атайды. Заңгерлер белгілі бір топтағы азаматтарды  сотта ақысыз қорғайды. Оны Адвокаттар коллегиясы қаржыландырады.

-Сондай-ақ, Үкімет адвокаттар қызметіне  тариф енгізбек. Сонда клиент заңгерден орташа бағаны талап ете алады.  Әйтпесе, қазір қорғаушылар ойына келген соманы  айтады дейді министр. Ал заңгер қызметінің  құнын  Адвокаттар коллегиясы шешеді. Заң жобасын бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Депуттар оны әлі талқылап, екінші оқылымда тағы қарайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.