Оралда мұз сүңгілері 70 жастағы қарияның өліміне себепші болды
Ер адам түс әлетінде жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жайбарақат келе жатқан екен. Куәгерлердің айтуынша, күні бойы жаңбыр жаууы салдарынан төбедегі қар мен мұз төменге сырғып түскен.
Автор: Жанар Низамутдинова
28.03.2018
Басына мұз тиген қария сол мезетте-ақ ес-түсін жоғалтқан. Қайғылы жағдай болған сәтте сол маңда жедел жәрдем көлігі өтіп бара жатыпты. Ондағылар іле-шала көмек көрсеткенімен, өкінішке қарай, ер адам сол жерде жантәсілім етті. Оның мойны үзіліп, басынан қатты жарақат алған. Қазір бұл іспен полиция қызметкерлері айналысуда. Ал тиісті орындар осыдан аз уақыт бұрын үйлердің төбесіндегі мұздарды түсіріп, қауіпсіздік шараларын жасадық дейді. Дегенмен, Оралда ауа райы сәт сайын құбылып, қар мен жаңбыр кезек-кезек жауып, жағдайды қиындатып тұр екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!