{metadescription}
Қызылордада атыс кезінде көз жұмған студент жайлы туыстары айтып берді
Қызылордада атыс кезінде көз жұмған студент жайлы туыстары айтып берді

Қызылордада атыс кезінде көз жұмған студент жайлы туыстары айтып берді

Қызылордадағы атыс кезінде жараланған 18 жастағы студент көз жұмды. Ал оған тапа-тал түсте көшеде оқ атқан азамат қазір тергеліп жатыр. Кеше қаланың қақ ортасында болған қанды оқиғаға нақты не себеп екені әзірге белгісіз. Ал күдікті 8 азаматты қолға түсірген полицейлер қазір қылмыстық іс қозғап, олардың бәрінен жауап алып жатыр.

Қызылорданың қақ ортасында тапа тал-түсте болған атысты шаһар тұрғындары видеоға түсіріп алған. Онда қашып келе жатқан мына жігіттің сөмкеден қаруға ұқсас затты шығарып, өзін қуған топтың артынан жүгіргені анық көрінеді. Кейін гүрс еткен мылтықтың дауысынан сол аумақта болған жұрт шошып, жан-жаққа қаша жөнеледі. Ал атылған оқ Азамат Базыл есімді студентке тиген. Бірнеше дене жарақатын алған жігітке дәрігерлер шұғыл ота жасағанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Нұржамал Тұрсынбаева, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:

-Дәрігерлер баланың өмірін аман алып қалуға бар күш-жігерін салды. Дегенмен, тиген оқтың нәтижесінде баланың ішкі ағзаларының барлығының бүлінгені анықталды. 3 жарым сағатқа созылған отаның нәтижесі сәтсіз болып, бала қайтыс болды.

Қайғыдан қан жұтқан марқұмның туыстары болса, оны кімдердің және не үшін атып кеткенін түсіне алар емес. Айтуларынша, Азамат үлгілі студент болған. 18 жастағы жігіт Қызылордадағы медицина колледжінде «Фельдшер» мамандығы бойынша білім алып жүріпті. Оқиға орнына жеткен оның туған ағасы онда жедел-жәрдем тым кеш шақыртылды деп отыр.

Айбек Базыл, марқұмның туған ағасы:

-Жолдың қақ ортасында жатыр қансырап, айналасы толған полиция. Халық бәрі қарап тұр. Жолды ашып берсеңдерші деп жалындым. Оң жақ бүйрегінен тиген оқ бытырадан. Қолымнан қысып «аға, бәрі жақсы» болады деді.

Ал тәртіп сақшылары күндіз болған атысқа қатысы бар деген күдікпен 8 адамды қолға түсірген. Қазір қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалып, ұсталғандардың бәрінен жауап алынуда. Қанды оқиға кеше ғана шаһардың Әйтеке би көшесінің бойында болған еді. Ал оған не себеп екенін полицейлер тергеу құпиясы деп айтпай отыр. Сол жерде жарақат алып, кейін көз жұмған Азамат Базылдың денесі ертең жер қойнына тапсырылмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде