{metadescription}
Кемероводағы сауда орталығына қасқана от қойылған
Кемероводағы сауда орталығына қасқана от қойылған

Кемероводағы сауда орталығына қасқана от қойылған

Кемероводағы қайғыға байланысты бүгін Ресейде аза тұту күні жарияланды. Ал, ойын-сауық орталығында тірідей жанып кеткендерді ақтық сапарға шығарып салуда.

Ресейде жексенбідегі апаттан 64 адам қаза тапса, соның 41-і балалар. Зардап шеккен тағы 14 адам ауруханада жатыр. Құтқарушылар алапат өрттен соң, із-түссіз жоғалғандар жоқ екенін мәлімдеді. Осы жантүршігерлік оқиғаға қатысты 5 күдікті қамауға алынды. Алғашқы тергеу мәліметтеріне қарағанда, «Зимняя вишняда» өрт басталғанда дабыл беру жүйесі өшірулі болыпты. Күлге айналған нысанда төтенше жағдай қызметкерлері тексеру жүргізіп, бұл жұмыс бүгін аяқталдын. Олар енді көп кешіктірмей, ғимаратта қауіпсіздік талабының қаншалықты сақталғанын нақты айтуы тиіс. Ал, қазір Ресей халқы марқұмдарды еске алып, қайғыдан қан жұтқан отбасылардың мұңын бөлісу үшін көшеге ағылды. Орны толмас қасірет Қазақстан тұрғындарының да қабырғасына баттты. Қайғыға ортақтасқандар Ресейдің еліміздегі  консулдықтарының алдына барып, гүл шоқтары мен ойыншықтар қоюда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде