{metadescription}
Қазақстанда көпқабатты ғимараттардың барлығында өрт қауіпсіздігінің сақталуы заңмен бекітілмекші
Қазақстанда көпқабатты ғимараттардың барлығында өрт қауіпсіздігінің сақталуы заңмен бекітілмекші

Қазақстанда көпқабатты ғимараттардың барлығында өрт қауіпсіздігінің сақталуы заңмен бекітілмекші

Өйткені, ол әкімқаралардың тапсырма беруімен шектелмеуі керек. Заңмен нықтамаса, берілген тапсырма бір айдан кейін ұмытылады дейді депутаттар.

Себебі қазірдің өзінде көпшілік орындарда, аурухана, балабақша, мектеп секілді басқа да әлеуметтік нысандарда қызметкерлер апатты жағдайда не істеу керектігін білмейді. Тіпті, қосалқы шығар есіктері жабық тұрады. Ал өрт қауіпсіздігі саналатын сирена мен СМС тарату да апаттың алдын ала алмайды деген ойда. Сондықтан, мәжілісмендер телеарналар мен радиолар және кез келген ақпарат орындарынан сол мезетте хабар тарату қызметін қолға алу керек деп есептейді. Халық қалаулылары бұл ұсыныстарын заңға енгізуді де көздеп отыр.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-Көпқабатты үйде тұрсаңыз немесе осындай офисте істесеңіз жәй осы өрт шығу жолымен шығып көріңіз. 99 пайызында сол шығулар не жабық тұрады не басқа бір кедергілермен жауып тастаған болады. Менің қорқатыным, үкімет тапсырма берді, әкім тапсырма берді – өте дұрыс, өте орынды. Бірақ, тура бір айдан кейін мына бастамалар бәрі ұмытылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде