Шығыста су астында қалған жұрт биліктен көмек сұрады
Шығыс Қазақстанды көктемгі тасқын шыр айналдырды. Глубокое ауданындағы Прогресс ауылын шайған судың арыны басылғанымен, жұрт үйлеріне қайтып оралуға әлі үрейленіп отыр. Себебі, мұндағы баспаналардың басым бөлігі апатты жағдайда қалған көрінеді. Сондай-ақ, бүгін қас-қағым сәтте Ертіс өзені көтеріліп Семейдің Түйемойнақ аралы топан судың астында қалды. Онда арыны қатты тасқынға тосқауыл қоймақ болғандардың өзі қашып шығуға мәжбүр болған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
28.03.2018
Ертіс өзенініңдегі судың деңгейі биыл тым көп. Ол уақыт өткен сайын көтеріліп жатқан көрінеді.Сондықтан, тасқынға тосқауыл қоюға жұмылдырылған 20 адаммен 10 бірлік техниканың да оған шамасы жетпеді.Тіпті, өзеннің арнасына инерттік материал төкпек болған көліктің өзін бас аяғы 15 минуттың ішінде су басып қалды.
Ал, жүргізушіні құтқарушылар жағаға қайықпен аман-есен алып шықты. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Бүгінде, мұндағы кейбір баспаналар мен кафелер тасқынның астында қалды. Олардың нақты саны әзірге белгісіз. Дегенмен, қызыл судың астында қалған жұртты көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. 100 жуық адамдық қос қонақ үйге орналастырып үлгерді.
Ермак Сәлімов, Семей қаласының әкімі:
-Ертіс бассейін инспекциясы суды бірден көп деңгейде жібере салып отыр. Олар кезең-кезеңімен жіберу керек болатын. Соны ескермеді. Ертең облыстағы жиналыста инспекция басшылығымен ашық сөйлесетін боламыз.
Қазір, Түйемойнақ аралына апаратын жалғыз күре жолға тосқауыл қойылған. Көпірдің алдында тұрған күзет ешкімді өткізбей жатыр.Ал, жергілікті билік судың деңгейін тікұшақпен бақылауға алған.Егер жағдай ертеңге дейін тұрақталмаса, мұзды жару жұмыстарын жүргізбек. Себебі, қызыл су жалғыз Түйемойнақ аралына ғана емес Ертіс өзеніне жақын орналасқан Мирный және Шығыс кентінде басып қалуы мүмікін. Сондықтан, ондағы жұртқада құжаттары мен жылы киімдерін әзірлеп дайын отыруға ескерту жасалды. Мұндада 50-ден астам баспана тасқынның астында қалғаны белгілі. Бүгінде су шайған үйлердің көбі жарамсыз күйге түскен сыңайлы.Сондықтан жұрт қабырғасы қақырап дым тартқан баспаналарына оралуға қорқып отыр. Айтуларынша, кез келген мезетте ол құлап қалуы мүмкін екен.
Әзірге апаттық жағдайда қалған үйлердің саны белгісіз. Өйткені, жергілікті биліктің мәлімдеуінше, құрылған коммиссия әлі тексеріс жүргізіп жатқан көрінеді. Олар шешімді, бір айдың ішінде қабылдауы мүмкін екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!