Астанада тарихи кітап жарыққа шықты
Тарихи кітаптардың қатары тағы бір құнды туындымен толықты. Бүгін Астанада бұрын соңды жарияланбаған ғылыми-тарихи мақалалардың жинағы жарық көрді. «National digitai histori» деп аталатын кітапты құрастыруға 5 жыл уақыт кеткен.
Автор: Досжан Маратұлы
29.03.2018
Қуандық Құдайбергенов, ұйымдастырушы:
-Баспа түрінде бұл жинақ бұрын шықпаған. Цифрлы түрлерде ғана, тек қана архивтерде, кейбір шетелдегі ғылыми орталықтарда ғана болған құжаттар. Кітаптың болашағы зор. Өйткені, ерекше жанрда жазылған. Ғылыми тілді бұзбай көпшілікке көркемдік тілмен жеткізілген. Бұл ерекше жұмыс.
Су жаңа кітап алты бөлімнен тұрады. Ішінде 5-ші, 6-шы ғасырға тән тарихи тың мәліметтер бар. Алаш арыстары және олардың ел үшін атқарған қажырлы еңбектері мен саяси респрессия да қамтылыпты. Әрі тарихтан бөлек, салт дәстүр, ұлттық болмыс туралы мақалалар да жетерлік. Жинақ әзірге мың данамен жарық көрген. Оны басып шығаруға кәсіпкерлер қолдау көрсетіпті.
Оралбек Ботбай, кәсіпкер:
-Біздің көп тарихымыз алыс-жақын шетелдерде де бар. Кітап болып тараған. Оны шығарып жатырмыз. Бұл кітап екі тілде шығарылды. Қазақша және орысша. Болашақта басқа тілдерге де ауыстыруға тырысамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!