{metadescription}
Танымал кәсіпкер Талғат Ақуов ұсталды
Танымал кәсіпкер Талғат Ақуов ұсталды

Танымал кәсіпкер Талғат Ақуов ұсталды

Талайды зар қақсатқан «тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының» президенті құрықталды. Өзі де ірі бизнесмен Талғат Ақуов біраздан бері ұстатпай, қашып жүрген еді.

Қазақша кәсіп жүргізу жайлы кеңес бергіш ол алаяқтық әрекеті үшін қамауға алынған. Күдікті құрбандарын алыстан іздемепті. Яғни, өзі басқарған ұйымға мүше бизнесмендерді сан соқтырған. Ақуовқа алдандым деп, сақшыларға шағымданған адам өте көп. 4 ай бұрын арбауға түскен аңқау кәсіпкерлер біздің арнаға да жүгінді. Ол кезде 65 бизнес өкілі күдіктінің Қарқаралыдағы демалыс орнын салу үшін әрқайсысынан миллиондаған ақша алғанын жария еткен. Әрі оны еселеп қайтармаққа уәде етіпті. Алайда, оңай олжаны көздегендер пайда тұрмақ, өз қаржыларын қайтара алмай жүр. Тіпті, көптің ақшасына тұрғызылған демалыс орнын күдіктінің сатып жібергені белгілі болды. Миллиондарды қалтасына басқан басшы сол Қарағандыда ұсталған. Артынша тергеу жүргізу үшін Алматыға әкелінді. Ал, құзырлы орындар Ақуов құрбандарының саны әлдеқайда артуы мүмкін деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде