{metadescription}
Үкімет оралмандар тегіс азаматтық алу үшін қосымша уақыт беруге мәжбүр
Үкімет оралмандар тегіс азаматтық алу үшін қосымша уақыт беруге мәжбүр

Үкімет оралмандар тегіс азаматтық алу үшін қосымша уақыт беруге мәжбүр

Өйткені, бір жылда екі жүз мың қандасымыз құжаттарын реттеп үлгермепті. Енді шенеуніктер шетелден көшіп келген қазақтарға тағы үш ай қосып бермек. Бүгін Еңбек министрі жаңа  заң жобасын Сенатқа алып келді. Астаналық әріптесім толықтырсын.

-Жәудір, қайырлы күн. Жүздеген мың оралманның азаматтық алып үлгермеуіне не себеп болыпты?

Өйткені, қандастарымыз елге көшіп келген соң, жаңа жерде әріқарай өмір сүріп кете аламыз ба, жағдай қалай болады деп ұзақ ойланады екен. Жан-жағын зерттеймін деп жүргенде уақыттан ұтылады. Негізі, Қазақстанның азаматтығын алуға 6 ай толық жетеді дейді депутаттар. 

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:

-Әсіресе, Қытайдан келген бауырларымыз олар көп жағдайда елді қарап жүреді. Күнімді көре аламын ба деген мағынада жүреді де, уақыттарын өткізіп алады.

Қалай болғанда да Үкімет қандастарымызға қосымша үш ай уақыт бермек. Себебі, бір жылда екі жүз мың оралман азаматтық алып үлгермеген. Сонымен қатар, енді отбасын құрмаған оралмандарға да мемлекеттен ақша беріледі. Бұған дейін жалғыз жүрген жандарға жәрдемақы төленбейтін.

-Сенатта еліміздің оңтүстігінен солтүстікке көшкен отбасылар жайлы да сөз болыпты.  Мұндай жанұяларға қатысты қандай жаңалық бар?

Биылдан бастап солтүстікке көшкен отбасыларды жұмыс беруші баспанамен қамтамасыз етеді. Мекемеге мемлекет 1 миллин 60 мың теңге бөледі. Осы қаржыға тұрғын үй тауып беруі тиіс. Өткен жылы оңтүстіктен солтүстікке 3 мың 800 жанұя қоныс аударған. Бірақ туған жеріне қайтып жатқандар да бар екен.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Солтүстікке көшіп кеткен адамдардан 19-ы ғана оңтүстікке қайтып келді. Олардың себебі әртүрлі. Көбісі қайтып келгені климат жақпады, суық болды деп, денсаулыққа кедергі болды деп, сол себептерден қайтып келгендер бар.

Қайта оңтүстікке көшкендерге кеткен шығынды ешкім қайтармайды. Мәдина Әбілқасымова алып келген заң жобасында жұртты жұмыспен қамту мәселесі де жазылған. Депутаттар екі қолға бір күрек таппай жүргендердің саны шененуніктердің есебінен бірнеше есе көп дейді. Қазір 950 мың адам мүлем еш жерге тіркелмеген. Ал жылда 100 мыңнан астам адам жоғары оқу орнын тәмамадайды. Жас мамандардың жартысынан көбі жұмыссыз жүр. Сенаторлар министрге осы мәселеге ерекше көңіл аударуға кеңес берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде