{metadescription}
Семейде билік топан су басқан Түйемойнақ аралын сақтап қалудың жолын қарастыруда
Семейде билік топан су басқан Түйемойнақ аралын сақтап қалудың жолын қарастыруда

Семейде билік топан су басқан Түйемойнақ аралын сақтап қалудың жолын қарастыруда

Тіпті тығырықтан шығу үшін үш жарым тонна жарылғыш затты да алдырған екен. Қазір мамандар Ертіс өзеніндегі су деңгейін төмендету жолын қарастырып, мұзды жару жұмыстарын жүргізуге көшті

Өзен деңгейін қатқан мұз көтеріп жіберіпті. Содан жайылған су арнасынан асып, Түйемойнақ аралын бірден басып қалған. Ол 9 үймен бірге кафелерге де кірген. Қазір шыққан шығын мөлшерін анықтау үшін комиссия құрылды. Олар тасқын басылғаннан кейін жұмыстарын бастамақ ниетте. Ал қауіпсіз жерге көшірілген 192 адам әлі күнге дейін екі қонақ үйді паналауға мәжбүр. Бірақ тікұшақты қайыққа алмастырып, жағдайды бақылауға көшкен қала әкімі Ермак Сәлімов олардың мұзды жару жұмыстары аяқталғанан кейін баспаналарына оралуы тиіс екенін жеткізді. Себебі, осы шарадан кейін су деңгейі төмендейді деген болжам бар.

Денис Немцов, жарылыс жасаушы:

-Алғашқы жару жұмысын жүргіздік. Қазір су кете бастады. Енді Ертістің төменгі ағысындағы мұзды да жарамыз. Сонда су бөгелмей ағатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде