{metadescription}
ОҚО-да жоғалған қыздың өлі денесі табылды
ОҚО-да жоғалған қыздың өлі денесі табылды

ОҚО-да жоғалған қыздың өлі денесі табылды

Оңтүстік Қазақстанда іздестіріліп жатқан 7 жасар қыздың денесі үшінші күні кешке табылды. Құтқарушылар жеткіншектің мәйітін Кескен арығынан анықтапты. Жаңбырдан кейін арықтың арнасынан асуы салдарынан қыздың денесі едәуір қашықтыққа ағып кеткен.  

Ғазиз Тұрманов, ОҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы:

- Жүзе алмауына байланысты абайсызда құлап кетті ма сол себептен судың ағысымен көктем кезде тасып ағып жатқан кезде сол себепті 2 шақырым қашықтыққа ағып, сол жерге барып тұрып қалуы мүмкін.  

Арыс ауданынан Сарыағаш жақтағы туыстарына қыдырып келген жеткіншек наурыздың 26-на жоғалған еді. Сол күннен бері дабыл қаққан туыстарына бүкіл ауыл қосылып іздеген. Жүзден аса еріктіден өзге Сарыағаш пен көршілес Шардара аудандарынан 150-ге тарта полицей мен құтқарушы келген болатын. 1-ші сыныпта оқитын қыздың аман-есен табылуына бүкіл ел-жұрт тілеулес болған еді. Тіпті Құркелес ауылдық аймағының әкімдігі қыз дін аман табылды деген жаңсақ хабарлама да таратып үлгерген болатын. Өкінішке қарай, құтқарушылар жеткіншектің мәйітін ғана тапты. Қазір оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде