«Красный уровень» сериалының көрсетіліміне санаулы сағаттар қалды
Шындығы шымыр тың туындыға екі күн қалды. Алдағы демалыс күні арнамызда «Красный уровень» сериалы көрсетілмек. Эксклюзивті фильм қауіпсіздік комитеті мен экстремистік топтар арасындағы текетірес жайлы болмақ. 8 сериялы туындының әр бөлімі 45 минуттан тұрады.
29.03.2018
Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері мен лаңкестік ұйымдар арасындағы тартыс бұл кинокартинада шынайы көрсетіледі. Үнемі от пен судың ортасында жүретін сақшылар ел тыныштығы, қоғам қауіпсіздігі үшін күреседі. Шым-шытырыққа толы сериалда басты рөлдерді сомдағандар Берік Айтжанов, Тәуекел Мүслім, Сая Оразғалиева сынды актерлер. Ал жағымсыз содырлар образын Нышанбек Жұбанаев пен Ермек Тұрғанбек сомдайды. Фильмнің түсірілімі Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысында өткен. Шытырман оқиға ға толы кинокартина атыс-шабыстан бөлек, мелодрамалық сарынды да қамтиды. Түрлі бағыттағы экслюзивті «Красный уровень» сериалын осы сенбі 22:00 де КТК арнасынан көре аласыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!