{metadescription}
Қарағандыда өрт сөндіру көліктеріне жол бермейтін жүргізушілер жазалана бастады
Қарағандыда өрт сөндіру көліктеріне жол бермейтін жүргізушілер жазалана бастады

Қарағандыда өрт сөндіру көліктеріне жол бермейтін жүргізушілер жазалана бастады

Сонау Кемероводағы қайғылы оқиғадан Қарағандының өрт сөндірушілері де сабақ алған сыңайлы. Олар өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді сол апат орнына жетудегі кедергілермен күрестен бастаған. Яғни құтқарушылар жанына полицияны ертіп, арнайы көлікке жол бермеген жүргізушілерді анықтап жатыр.

Қара түсті «Хонда» арнайы көліктің алдынан кесе көлденең жайбарақат өте шықты. Бірақ жол сақшылары оны көпке ұзатпай тоқтатты. «Хонданың» жүргізушісі алғашында кінәсін мойындамай тулағанымен, ақыры 17 мың теңге айыппұл арқалады. Жалпы, өрт сөндірушілер апат орнына полицейлермен бірге бару тиімді дейді. Себебі, өртке асыққанда өзге көліктер  жолды кесіп, алтын уақытты құртады екен. Полицейлер бір айда осы ережені бұзған 5 жүргізушіні ұстаған. Ал жол сақшысы жоқ жерде ойына келгенін істейтіндер жетіп артылады екен. Мамандар адам өміріне қауіпті ірі апат орнына жетуде осындайлардың кесірі қатты тиеді деп отыр.

Алексей Герасименко, өрт сөндіруші:

-Жүргізушілердің көбі арнайы көліктерге жол беруді білмейді. Ресейдегідей апаттың бізде болмайтынына кепілдік жоқ қой. Сондайда құтқарушылардың уақтылы жеткені маңызды екенін түсіну керек. Әсіресе, таңертеңгі және кешкі мезгілде қозғалыс қиын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде