Әскери атақ үшін арақ ішкен офицер әйелдер қатаң сөгіс алып тынды
Шенін жуамыз деп, ішімдікті сімірген формадағы келіншектерҚорғаныс министрлігінің қызметкерлері болып шықты.
Автор: Досжан Маратұлы
29.03.2018
-Қолындағы стақанды тауысып, өзін майор Асанова деп таныстырған әйелге кейін жоғары шен беріледі. Бұдан соң, «капитан» және «аға лейтенант» атанған офицерлер де әріптесінің әрекетін қайталап, ащы суды сіміріп алады. Ғаламторды шулатып, көптің ашуын тудырған видео әлеуметтік желілерде тараған еді. Кейін ондағы әйелдердің прокуратура қызметкерлері деген мәліметтер шыққан. Бірақ, жүргізілген тексеру барысында формадағы келіншектердің Қорғаныс министрлігінің офицерлері екені анықталып, жазаға тартылды.
-Офицерлерге қатаң сөгіс жарияланып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әрі Қорғаныс министрлігі мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін шара қолданып жатыр. Яғни, жеке құрамға әскери қызметкерлердің мәртебесі мен этикасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!