{metadescription}
Таразда сәбинінен айрылған келіншек дәрігерлерді айыптады
Таразда сәбинінен айрылған келіншек дәрігерлерді айыптады

Таразда сәбинінен айрылған келіншек дәрігерлерді айыптады

Таразда шақалақ жарық дүние есігін ашпай жатып шетінеп кетті. Құрсақта жатып қанға тұншығып өлген сәбидің қазасына анасы дәрігерлер кінәлі дейді. Қайғыдан қан жұтқан Таңшолпан Қалыпованың айтуынша, ақхалаттылар толғағы қысып хәлі нашарлаған оған дер кезінде ота жасамаған. Салдарынан бауыр еті баласынан айырылыпты. Ал келіншек жатқызылған перзентхана басшылығы өздеріне шаң жуытатын емес.

Таңшолпан Қалыпова, Тәтті ауылының тұрғыны:

-Баламды қолыма алып кетемін деп ойлағанмын мен бұ жақтан.

Таңшолпан Қалыпова ақыл-есінен адасқан адамдай дел-сал күйде. Өзі не істеп, не қойғанын білмейді. Шақалағынан айырылуы оның жанына қатты батқан. Меркі ауданындағы Тәтті ауылында тұратын Таңшолпан 11-ші наурызда облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген. Сөйтіп мамандардың қарауында жатса да, сегіз күн өткен соң сәбиінен айырылып қалды.    

Таңшолпан Қалыпова, Тәтті ауылының тұрғыны:

-Ертерек қарағанда тірі қалатын еді деп ойлаймын.

Орталыққа қол-аяғы ісіп, қан қысымы жоғары күйде жеткізілген Таңшолпанды 8 күн бойы толғақ қысқан. Бірақ айтолғақ деп, дәрігерлер оған мән бермепті. Ал наурыздың 19-ына қараған күні таңға жуық оның жаны әбден қиналған. Содан ахқалаттылар амалсыз шұғыл ота жасауға мәжбүр болыпты. Сөйтсе перзенті қанға тұншығып қалған дейді.

Зәмзә Күнбасова, Т.Қалыпованың анасы:

-Бірінші құдай екінші сіздер деп әкелгенмін. Немеремді алып қорапқа салып бересіздер. Әрбіріңіз менің орнымда болсаңыздар, не істейсіздер?

Өзі де медбике болып істейтін Зәмзә Күнбасова дәрігерлер салғырттық жіберген дейді. Айтуынша, сәбиді аман алып қалуға мүмкіндік болған. Ал облыстық перинаталдық орталық басшысы өздерін кінәсізбіз деп отыр. Сөздеріне сенсек, 37 айға енді толған келіншекті мерзімінен бұрын босандыруға еш негіз болмаған. Ал шақалақтың қанға тұншығып қалуына бала жолдасының ерте ажырауы себеп екен.

Айгүл Айтбаева, Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері:

-Мұндай жағдайдың бізде өзі алгоритімі бар. Тексеріп экспертиза алғаннан кейін нақты жауаптар беріледі. Бүгінгі күні сараптама қорытындысы шыққан жоқ. Біз қазір мынадан шетіненді, мынадан болды деп толтырып айта алмаймыз.

-Қайғыдан қара жамылғандар болса, жауапсыздық танытқандарды жазаға тартқызбай қоймаймыз дейді. Олар медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті мен прокуратураға арыз жазбақ. Айта кетейін, өткен жылы Жамбыл облысында осындай үш қайғылы оқиға болған. Ал, биыл небәрі үш айдың өзінде бір дерек тіркеліп отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.