Қызылордада атысқандар кімдер?
Кінәсін мойындады. Қызылордада қаланың қақ ортасында болған атысқа қатысы бар азаматтардың үшеуі қамауға алынды. О баста қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 8 жігіт ұсталған болатын.
29.03.2018
Үш күдікті қазір уақытша тергеу изоляторында жауап беріп жатыр. Бір студенттің өмірін оққа байлаған керістегі әрекеттерін күдіктілер ақталып, жоққа шығармады. Жазаларын жеңілдетер деген үмітпен бірден мойындаған. Облыстық ішкі істер басқармасының мәліметінше, қазір қылмыстық кодекстің бұзақылық және адам өлтіру баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, екі күн бұрын Қызылордада атыс болып, медицина колледжінің 18 жастағы студенті оққа ұшқан еді. Оқиғаны сол маңдағы тұрғындардың бірі ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде тарап кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!