{metadescription}
​Ақтөбелік жүргізушілер жолды дұрыс жөндемеген шенеуніктерге шүйлігіп отыр
​Ақтөбелік жүргізушілер жолды дұрыс жөндемеген шенеуніктерге шүйлігіп отыр

​Ақтөбелік жүргізушілер жолды дұрыс жөндемеген шенеуніктерге шүйлігіп отыр

Өйткені, жыл сайын жаңалағанымен, асфальттың көктем шыға қар суымен еріп кететіне таң қалады. Шұрық-тесік жолдың кесерінен қаладағы қатынас қиындаған. Дегенмен, әкімдіктегілер жылдағы әдетімен қаруар қаржы бөлгендерін айтады. Бірақ ол ақшаға салынған жолдаң қанша уақытқа шыдайтынын ешкім білмеді.

Көктем келісімен ақтөбелік көлік жүргізушілерінің ұнжырғасы түседі. Өйткені, қыста қармен бітелген жолдың, жер қарайғанда шұрық-тесігі шығады. Қазір қаланың бір шетінен екінші бөлігіне қатынау мүмкін емес. Тіпті, былтыр ғана жөнделген жолдың өзі жарамсыз болып қалған. Жүргізушілер жаңа төселген тастың қармен бірге еріп кететіне түсінбей отыр.

Руслан Мырзахметов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Жазда салады, көктемде кетеді асфальт. Мына тесіктерден жүре алмаймыз. Машина бәрі быт-шыт болып отыр. Бәріміз тілейміз  сол сапалы жолды. Но анау алады, мынау алады. Коррупциядан қашан құтыламыз осы?

Мынау қала іргесінедегі Қарғалы ауылында күзде жаңадан салынған көпір. Қазір төселген тасы опырылып, көлік әрең өтеді. Осындай жолдан шаршаған көлік жүргізушілері бұған дейін түрлі шаралар ұйымдастырып көрді. Сапасыз жол салатын мердігерлерді ұялту үшін тесіктерге үрілген шар тықса, жарамсыз жолды қабылдап алған әкімдік қызметкерлерін сотқа да берді. Бірақ ондан түк шықпаған сияқты. Шенеуніктер жылдағы әдетімен қазынадан қыруар қаржы бөлінгенін айтып мақтанады.

Руслан Төреғали, Ақтөбе қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы:

-Қаражат осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін бастапқыда қазіргі таңда үш миллиарддан астам сома қаржы бөлініп отыр. Қала аумағында ауа райының қолайсыз болуына байланысты ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр.

-Мынау – қаланың қақ ортасындағы көшенің сиқы. Мұнда автокөлік тұрмақ, жаяу адам әрең жүреді. Осындай жолдарды жөндеуге әкімдіктегілер үш миллиардтай ақша бөлгенімен, оны келер көктемде тағы қар шайып кетпесіне еш кепілдік бермейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.