{metadescription}
Қырғызстанда таққа таласқан Өмірбек Бабановқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды
Қырғызстанда таққа таласқан Өмірбек Бабановқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстанда таққа таласқан Өмірбек Бабановқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Бұл жолы ол билікті тартып алуға әрекеттенді деген күдікке ілінген. Әрі ел арасында бүлік ұйымдастырғаны үшін айыпталуд

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті жуырда осы іс бойынша өзге күдіктілерді тергеу жұмыстарын аяқтаған. Міне, соның қорытындысы Бабановтың жақтастарымен қоса сайлаудың әділ өтпегенін желеу етіп, арам пиғылын жүзеге асырғысы келгенін көрсетіпті-мыс. Құзырлы орын күдіктінің ізіне саяси додадан кейін де түскен. Ол кезде конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге тырысты деген кінә тағылған болатын. Экс-премьер-министр қазір Қырғызстан аумағында емес. Десе де, саяси айыптаудан кейін, әлеуметтік желіде дереу мәлімдеме жасады. Онда Бабанов ешқандай заң бұзушылыққа бармадым дейді. Керісінше, сайлау қорытындысына қарсы болған xалықты басыпты. «Республика-Ата жұрт» партиясының төрағасы былтырғы президенттікке таласта Сооронбай Жээнбековтің басты қарсыласы болғанын еске салайық. Оны халықтың 34 пайызы қолдаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде