{metadescription}
Денсаулық сақтау министрлігі инсулин тапшылығына қатысты мәлімдеме жасады
Денсаулық сақтау министрлігі инсулин тапшылығына қатысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі инсулин тапшылығына қатысты мәлімдеме жасады

Мердігер табылмаған. Батыс Қазақстан облысындағы онкологиялық ауруларға дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін Денсаулық сақтау министрлігі осылай түсіндірді. Оның себебі, дәрі жеткізіп берудің қатаң тәртібіне тасымалдаушылардың жүрегі дауаламапты. Сөйтіп, қайта-қайта тендер жариялап жүргенде уақыт өткізіп алған. Енді қажетті препараттармен қамтамасыз ету үшін қайта-қайта тендер жариялап жанталасып жатыр.

Онкологиялық аурулар мен қант дибетіне шалдыққандарға қажетті препараттардың жетіспей жатқанын денсаулық сақтау министрлігі ашық мойындап отыр. Әсіресе, жеткізіп беруші компаниялар препараттарды аймақтарға тасымалдауға келіспегендіктен, Шығыс Қазақстанда дәрі тапшылығы қатты сезілген еді.

Берік Шәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары:

-Бұл қызметті көрсету үшін әлеуетті өнім берушілерге арнайы лицензияны дәрілік заттарды ерекше сақтау, тасымалдау және босату жағдайларының болуы секілді айрықша талаптар қойылады. Әлеуетті өнім берішулердің бәрі бірдей бұл талаптарға сәйкес келе бермейді. 90 күндік және 9 айлық қажеттілікке қызмет сатып алуға арналған конкурс 9 рет жарияланды.

Ақырында Алматыдан табылған бір компания жауапкершілікті мойнына алып, 250 ампуланы Шығыс Қазақстанға әкеткелі жатыр екен. Бұл жыл аяғына дейінгі қажеттілікті өтей алады. Тура осындай дәрілік препараттар Батыс Қазақстанға да жөнелтілмек.Жақында ғана сондағы қант диабетімен ауыратын балалардың ата-аналары облыстық денсаулық сақтау басқармасын басып алып, айғай көтерген еді. Оларға ауадай қажет инсулин жетіспей жатыр екен.

Берік Шәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары:

-Қазіргі уақытта фармацевтикалық қызмет 8 аймақта сатып алынды. Проблемалық аймақтар бойынша, оның ішінде Шығыс және Батыс Қазақстан облыстары бойынша мәселе көрші аймақтарда жеңімпаз болған өнім берішулердің арқасында шешіліп отыр.

Бүгінде облысқа ересектер мен балаларды емдеу үшін инсулиннің 17 атауы келіп түскен. Тағы 3 миллион теңгеге қандағы қант құрамын анықтайтын препараттар сатып алынған. Дегенмен, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ету үшін әлі де 66 препарат сатып алу керек екен. Ол үшін қайтадан сатып алу байқауы жарияланған.

-Ал сатып алынған қажетті дәрінің бәрі бүгінде аймақтарға жөнелтілген. Бірақ, дәрі тапшылығы  түбегейлі жойылғанын көзбен көрмей көңілі сенбесе керек, Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова қарамағындағы бүкіл департамент басшыларын жинап алып, ертең Батыс Қазақстанға барайын деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде