Ауаны ластағандар жазадан тыс қалмады
Алматының экологиясына жүрдім-бардым қараған табиғат пайдаланушыларына 79 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынды. Мұндай заң бұзушылақтар 2016-17 жылдары жүргізілген ішінара және жоспардан тыс тексеру барысында анықталған.
Автор: Мақсат Мәлік
30.03.2018
Алматыда ауаға ірі көлемде зиянды қалдық шығаратын 10-ға жуық қана өнеркәсіп бар деп ақталған экология депратментінің өкілдері, атмосфераның ластану деңгейі төмендегенін айтады. Олардың дерегінше, соңғы үш жылда зиянды қалдықтар көлемі 43 мың тоннадан 38 мың тоннаға дейін азайыпты-мыс. Ал, мамандардың қырына жылу электр станциялары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік құралдары мен қатты отын қолданатын жеке секторлар іліккен. Бірақ, Алматының ауасын ластаушылардың көшін бастап тұрған ТЭЦ-2 жылу қазандығының қашан газға ауысатыны әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.
Талғат Қамбетов, Экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы:
-Сегіз қазандық бар. Оның ішінде жетеуі кеңес үкіметінің кезінде салынған. Оның бәрін газға ауыстыру оңай шаруа емес. Көптеген қарашатты талап етеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!