{metadescription}
Тікелей эфир: Шымкентте 39  адам балмұздақтан уланып, ауруханаға түсті
Тікелей эфир: Шымкентте 39  адам балмұздақтан уланып, ауруханаға түсті

Тікелей эфир: Шымкентте 39 адам балмұздақтан уланып, ауруханаға түсті

Жартысына жуығы балалар! Тұрғындардың айтуынша, барлығы тәттіні бір жерден алған. Жеген бойда өздерін нашар сезініпті. Тіпті, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққандар да бар. Жұқпалы аурулар ауруханасына түскендердің саны 20-дан асқан соң дәрігерлер дабыл қағыпты.

Аурухана алдына жиналғандардың айтуынша, нақ балмұздақтан уланғандар 3 күннен бері түсе бастапты. Барлығы да тәттіні бір жерден алып жеген көрінеді.Құйылмалы балмұздақтан дәм татқандар оны жеп болмай-ақ өздерін нашар сезініп, іштері бүріп, қызулары көтерілген. Көпшілігі жедел-жәрдемді үйіне жеткен соң ғана шақырса, кейбірін тіпті көшеден-ақ алып кетіпті. Аурухана алдына жиналған жұрт уланғандардың көпшілігі жеткіншектер дейді.

Қалмахан Ерментаев, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Менде 4 адам. Қызым, қарындасым, әпкемнің қызы, қарындасымның қызы. Қарағандыдан келген қонақтар. Оншақты балмұздақ  алған. Сол жерден жеген. Бірақ, дәмі нашар болғанын байқаған. Бірақ жеген, көбісі жолда лақтырып жіберген.

Абдыраған жұрт ауруханада бірден орын табылмай науқастар дәлізде жатып қалды деп шу шығарған. Алайда дәрігерлер мұны жоққа шығарып отыр. Жұрттың көбіне жазда астан ұшынатынын алға тартқан ақ халаттылар қазір ауруханада орын жеткілікті екенін айтады. Тілшілерді шақырған тұрғындар уланғандар саны 50-ден асты деген еді. Бірақ дәрігерлердің есебінше қазірге дейін 39 болып тұр. Олардың он сегізі әлі кәмілет жасына жетпегендер. Ең кішкентайы бесте.  Бәрінің жағдайы тұрақты, қауіп жоқ дейді ақ халаттылар.

Ғалымжан Айнабек, ОҚО жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

А балмұздақпен сол 3 бала, 3 ересек. Ал, бүгінгі түнге 20 ауру түсті. 20-дан асқан соң біз хабарлама бердік. Барлығының жағдайы тұрақты. Ересектер ересектер бөлімінде. Ал, балалар балалар бөлімшесінде жатыр. 4 ауру реанимацияда жатыр.

 Жоқ, ұшынып ауруханаға түскендер саны 20-ға жеткен соң дәрігерлер СЭС мамандарына да хабар жеткізіпті. Қазір құйылмалы балмұздақ сататын дәмхана жанындағы өзге орындармен қосып жабық тұр. СЭС мамандары мен ішкі істер органдары бұл жерде тексеру жүргізуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде