Алматы зияткерлік павильоны ашылды
Бүгін Алматыда оқушылар сарайында сенсорлық тақтайшалар мұражайы ашылды. Тұңғыш Президент қоры сыйға тартқан көрме кешеніне мыңға тарта жеткіншек келді. Наурыз мерекесінің құрметіне ашылған мұражай алты бағыттан тұрады. Келушілер сенсорлық тақтайшалардан еліміздің тарихын, ғылым мен мәдениеттін, саясаттың стратегиялық бағытын көре алады. Тұңғыш Президент қоры ашқан Зияткерлік павильонға тек оқушылар емес, қала тұрғындары да кіре алады. Сондай-ақ көрменің тұсаукесерінде ұлттық ойындар ойнатылып, келушілер наурыз көжеден дәм татты.
30.03.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары