{metadescription}
«Красный уровень» сенбіде эфирге шығады
«Красный уровень» сенбіде эфирге шығады

«Красный уровень» сенбіде эфирге шығады

 

«КТК»-да көптен күткен премьера! Ертеңнен бастап арнамызда  көптен күткен «Красный уровень» сериалы көрсетіле бастайды. Экшн жанрындағы туындыда ислам атын жамылған экстремистердің арам пиғылы, арнайы қызметтің содырларға қарсы күресі мен түрлі терактілер қамтылған.   Бұл фильм Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен КТК арнасының арнайы жобасы екенін айта кетейік. 

 «Красный уровень» туындысы шым-шытырық оқиғағаларға толы. Сондықтан көрермен қауымды қызығына бірден баурап алатыны анық. Мұнда күнделікті күйбің тірліктен бастап, адамдар арасындағы қарым-қатынас, ислам атын жамылған экстремистердің өмірі, түрлі жарылыстар барлығы көрсетіледі. Эпизодтардың басым бөлігі өмірден алынған.  Яғни, сериалда екі жыл бұрын Ақтөбеде болған қанды қылмыс қамтылған. Ол кезде содырлар, қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуыл жасаған еді. Кино шынайы болуы үшін авторлар  әрбір детальмен тыңғылықты жұмыс істеген. Әртістердің киімі, образы тіпті диалогтар да. Басты рөлдерді сомдаған Берік Айтжанов, Тәукел Мүслім тергеуші болу үшін ұлттық қауіпсіздік қызметінде біраз уақыт арнайы жаттығудан өтті. Фильм сенбі күні кешкі 8-де эфирге шығады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде