Пәтерін ойынхана айналдырған
Ақмола облысының Атбасар қаласындағы пәтерлердің бірінен полицейлер 16 ойын автоматын тәркіледі. Тәртіп сақшылары емін-еркін ойнап отырғандардың үстінен түскен. Бұл аппараттардың түрлеріне қарап, елімізге 90-шы жылдары әкелінгенін аңғаруға болады.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
30.03.2018
Келгендер ғаламтор арқылы емес, механикалық түрде кілтпен бұрап құмары қанғанша ойнай береді. Ал үй иесінің бұл құрылғыларды қайдан, қашан алғаны анықталып жатыр. Және де қашаннан бері пәтерді ойынқұмарлар жағалап, иесіне қанша пайда әкелгені де әзірге белгісіз. Заңсыз ойын бизнесінімен айналысқан 28 жастағы азаматтың кінәсі дәлелденсе, ол 4 миллион 810 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелуі немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Азамат Төлеғұнов, Атбасар аудандық ІІБ аға жедел уәкілі:
-Бұлар – өте ескі ойын автоматтары. Көпқабатты үйдің бірінші қабатында болған. Қазір пәтер иесі мен әкімшісі ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Олар енді құмар ойынды заңсыз ұйымдастырғаны үшін жауап береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!