{metadescription}
Петропавлда қоқыс полигонына қатысты үлкен дау шықты
Петропавлда қоқыс полигонына қатысты үлкен дау шықты

Петропавлда қоқыс полигонына қатысты үлкен дау шықты

Қаланы басып қалған қоқысты жинауға қаржы қажет! Петропавлда шенеуніктер күл-қоқыс полигонын салу үшін ақша жоқ деп, алаңсыз отыр. Есесіне, өңірде ешкім бақыламайтын, әрі еш жерде рәсімделмеген қоқыс төгетін жерлердің саны 500-ден асқан. Ол жерлерге қандай қалдықтардың төгіліп жатқаны да белгісіз. Мұндағы атқамінерлер қоқыс полигонын салуға жұмсалатын ақша желге ұшады деп есептейтін болса керек, қажетті 100 миллион теңгені бөлсек, бюджеттегі онсыз да санаулы тиын-тебен түгесіліп қалады деп отыр. Ал бұл мәселе тез арада шешілмесе, Петропавлдың қоқыстан көрінбей қалатын түрі...

р.

Бұл Петропавлдағы ең үлкен қоқыс полигоны. Қазір бетін қар басып жатқандықтан, аумағын анықтау мүмкін емес. Бірақ, қар кетіп, күн жылынса болғаны, бықсып, айналаны жағымсыз иіс жайлайды. Полиэтилен пакеттер де жан-жаққа ұшып, жағдайды қиындатып тұрған жайы бар. Талап бойынша, қоқыс сазбен бірнеше рет көмілуі тиіс. Бірақ, оны орындап жатқан ешкім жоқ. Есесіне, тұрмыстық қалдықтардан өзге адамға да, айналаға да қауіпті заттарды төгіп кететіндер жетерлік.

Ермек Омаров, СҚО экология департаментінің басшысы:

-Арнайы орынға тапсырылуы тиіс қоқыстарды тастайтындар көп. Мысалы, әлдекім  пайдаланылған 20 қорап шамды лақтырып кетіпті. Оның ішінде құрамында сынабы бар люминесценттілері де бар.

Заңды түрде ашылған полигондағы жағдай осындай болғанда, өзгелері туралы сөз айту тіпті артық. Жалпы облыс көлемінде үлкенді-кішілі 500-ден астам стихиялық қоқыс алаңы бар екен. Бұл мәселені экологтар жергілікті биліктегілерге бірнеше рет ескерткен де. Бірақ, қоқыс полигонын салуға қажетті қаржының көлемін есептеп білген шенеуніктер шошып кетсе керек, әзірге тек жобалық-сметалық құжаттарды жасаумен ғана айналысып жатыр екен. Өйткені, республикалық бюджетке алақан жайып отырған облыстан ойдай ақша табылмақ емес.

Қабиден Сәдуақасов, СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Бүгінгі күні полиогон құжаттарын дайындап жатырмыз. Оған 3 миллиондай ақша кетсе, ал мынау құрылыс жұмыстарын жүргізуге 100 миллиондай ақша керек.

Өкінішке қарай, тығырықтан толықтай шығар жол әзірге табылмай тұр. Ал, шенеуніктер жағдайды сәл де болса түзегісі келсе керек, қоқыс алаңдарының санын азайтуға кірісіпті. Яғни, тұрғындарға қоқысты көршілес ауылға апарып төгуге кеңес берген. Бірақ, желмен бірге ұшқан полиэтилен пакеттер секілді ол ұсыныс та айтылған жерде қалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде