{metadescription}
Ақмола облысында әкімнің көлігінен секіріп өлді делінген азаматтың туыстары ресми мәліметке сенбей отыр
Ақмола облысында әкімнің көлігінен секіріп өлді делінген азаматтың туыстары ресми мәліметке сенбей отыр

Ақмола облысында әкімнің көлігінен секіріп өлді делінген азаматтың туыстары ресми мәліметке сенбей отыр

Марқұмды Курск ауылдық аймағының бұрынғы басшысы Владимир Рогозный мен тағы бір ауылдасы өлтірген дейді олар. Ал полиция бұл дерекке қатысты «өзін өзі өлтіруге итермеледі» деген бап бойынша іс қозғаған еді. Осыдан кейін Рогозный әкімдік қызметінен айырылды. Енді он ағайынды Жәмішевтер бай баласы қылмыстық жауапкершіліктен құтылмас үшін бар күшімізді саламыз деп отыр.

Ауыр жарақаттан 5 күн комада жатып, тура 22 наурызда қайтыс болған 47 жастағы Баржақсы Жәмішевті жер қойнына тапсырған бауырлары  әділдік іздеуге кіріскен. Медициналық сараптаманың өзін көрші Қостанайдағы мамандарға сеніп тарсырыпты. Бауырларының көліктен секіріп кеткеніне олар мүлдем сенбейді. Оған біріншіден негіз жоқ, екіншіден басындағы жарақаты асфальтқа құлағаннан болғанға ұқсамайды дейді олар.

Амангелді Жәмішов,марқұмның ағасы:

-Басы екі жақтан сынып жатыр. Бірінші қарақұсынан, желкесінен сынған, екінші мына жақтан сол жақтан сынған 9 сантиметр. Ол қалай бір секіргенде 2 жақтан сынады. Бұл дұрыс емес, бұны ұрған.

Татьяна Жәмішова, марқұмның әйелі:

-Меніңше, оны оңдырмай бастан ұрған. Ол өте денелі, бойы ұзын, анау-мынауға сына қоятын адам емес. Көліктен секіріп кетсе, неге ауруханаға апарып, көмек көрсетпеген?

Баржақсыны түн ішінде үйден алып кеткен ауыл әкімі мен оның досы 40 шақырым жердегі  Есіл қаласынан хабарласқан. Туысқандары жетіп келсе,ол  көлікте ес-түзсіз жатыпты. Оның ауыр жағдайын көрген туысқандары жанталасып ауруханаға өздері жеткізген. Бұл оқиғаның ауыл әкімі  Владимир Рогозныймен байланысты болуы бекер емес дейді олар. Бұған дейін араларында кикілжің болғанға ұқсайды. Ал 33 жастағы әкім осындағы ірі кәсіпкердің ұлы екен. Ауылда алшаң қағып жүрген бай баласының   жұдырығынан талайлар сескеніп келген.

-Мас күйінде көлік айдап, біреуді өзін өзі өлтіруге итермеледі деген күдікке ілінген Курск ауылдық аймағының әкімі Владимир Рогозный екі күн бұрын қызметінен қуылған.Жергілікті тұрғындар бір жыл мемлекеттік қызметте болғанда ғана месс, оған дейін де ауылды қорқытып үркітіп келген ол мүлдем көшіп кетсе екен деп отыр. Өйткені, мұнда Рогозныйдың атынан ат үркетіндей жағдай қалыптасқан. 

Қазір Владимир Рогозныйға қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Сот-медициналық сараптамадан кейін істің анық-қанығы белгілі болы тиіс. Ал марқұмның бауырлары бай баласының аяғы аспаннан салбырап түссе де, қылмысы үшін жауап беруін талап етеміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде