{metadescription}
Батыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты кешенді тексеріс басталды
Батыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты кешенді тексеріс басталды

Батыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты кешенді тексеріс басталды

Бүгін осы үшін өңірге Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация» компаниясының өкілдерінен құралған арнайы комиссия келді.

Шенеуніктердің айтуынша, өткен жылы тендерлердің кеш ойнатылғаны ескеріліп, дәрі-дәрмек артығымен алынған екен. Алайда онкология, қант диабеті және басқа да дертке шалдыққан жүздеген науқас қажетті дәрі дәрмекке үш айдан бері қол жеткізе алмай келеді. Осы мәселе төңірегінде шу шыққанда ғана жоғарыдағылар қимылдай бастады. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасындағылар дәрі-дәрмекті уақтылы жеткізбеді деп «СК-Фармацияны» айыптаған болатын. Алайда ондағылар тапсырысты әлдеқашан орындап, тауарды жеткізгендерін айтып отыр. Енді арнайы комиссия қайсысының сөзі рас екенін анықтауы тиіс.

Людмила Бұйрабекова, ҚР ДСМ фармация комитетінің төрайымы: 

-Біз дәрі-дәрмектің қай уақытта беріліп, қашан жеткізілгенін анықтаймыз. Яғни науқас қай уақытта дәрігерге қаралып, дәрінің қашан белгіленіп, оның дәріханада қай кезде қолға тиетінін  тексеру қажет. Міне, осы арқылы түйткілдің қай тараптан болып отырғанын білеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде